АҚТАУДА 800 АДАМ БІР-БІРІНЕ КІТАП СЫЙЛАДЫ
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 18:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

АҚТАУДА 800 АДАМ БІР-БІРІНЕ КІТАП СЫЙЛАДЫ

25 Апреля 2019 (13:09) | 1560 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы біздің басылымға Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады. 23 сәуір – Дүниежүзілік авторлық құқық және кітап күнінде Ақтау қаласында «Кітап әлемді бағындырады» акциясы аясында 800-ден астам адам бір-біріне кітап сыйлады.

 

 

Облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен өткен акцияға мектеп оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер қатысты.

 

- Шара биыл үшінші жыл қатарынан өткізілді. Қатысушылардың қызығушылығы артқанын өткен жылғы статистикалармен салыстыру арқылы анықтай аламыз.. Алғашқы жылы 790 адам қатысса, өткен оқу жылында 725 қатысушы болды. Ал биыл 800-ден аса адам құпия оқырманын іздеді, - дейді мектеп кітапханашысы Динара Қайратбекқызы.

 

Акцияға қатысушы кітапханашыдан номер алып, құпия оқырманның жас ерекшелігін анықтап, кейін оған кітап таңдайды. Акцияның өткізілу күнінде барлық қатысушылар өз номерлерін әртүрлі қып тағып, құпия кітаптарын іздейді.

 

- Мен бүгін Анатолий Приставкиннің «Ночевала тучка золотая» шығармасын белгісіз оқырманыма сыйлаймын. Менің білуімше, менің оқырманым мектеп оқушысы. Сондықтан оған қызықты болады деген ойдамын дейді «230» нөмірін суырған, - орыс тілі пәнінің мұғалімі Бұрыш Утесинова.

 

Суреттерді түсірген Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему