Мектеп кітапханашылары оқытылды
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 20:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мектеп кітапханашылары оқытылды

6 Мая 2017 (11:12) | 3406 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Мектеп кітапханаларының ақпараттық мәдениетін жетілдіру» тақырыбында облыстық әдістемелік семинарды ұйымдастырды.

 

Әдістемелік семинар кітапхана мамандарының кәсіби дайындықтарын жетілдірудегі шеберліктерінің шыңдалуын, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды өз қызметінде пайдалану арқылы кітапханашылардың біліктілік мотивтерін қалыптастыруды, ақпараттық сауаттылықтарын дамыту арқылы, шығармашылық деңгейін көтеруді,автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйе «МАРК-SQL» бағдарламасы бойынша біліп түсінуді және өзара тәжірибе алмасу міндеттерін көздеді.

 

Семинарда«Білім берудің жаңа үлгісіне көшу барысында оқушыларды тәрбиелеуде кітапхананың ақпараттық, білімділік және мәдени ресурстары»,«Жоспарлау мен есептілік - кітапхананың даму бағыттарының бірі»,«Ақпараттық қоғамдағы кітаптың әлеуметтік және мәдени маңыздылығын арттыру»тақырыптарында кітапхана бөлімінің бастығы М.Бимағамбетованың шеберлік сағаты мен тәжірибелік сағаты және іс-тәжірибесінен баяндамасы тыңдалды.Сонымен бірге семинар аясында оқу мәдениетін қалыптастыру және дамыту,кітапханалық-библиографиялық білімді насихаттаумақсатында кітапхана бөлімінің бас маманы А.Өтебаева «Мектеп кітапханасы – оқырманның заманауи ақпараттық орталығы», «Кітапхананың анықтамалық-библиографиялық ақпаратын ұйымдастыру және жүргізу»тақырыптарымен тәжірибелік жұмыстар жүргізді.

 

Бұдан соң Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің кітапханашысы А.Кабдуллина «Автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық жүйе «МАРК-SQL»кітапхана жұмысын ақпараттандыру және автоматтандыру: қазіргі жайы және проблемалары»тақырыбында іс-тәжірибесінен практикалық сабақ өткізіп, институттың ақпараттық технология бөлімінің бастығы Ы.Шахимова «MS Excel құралдарымен мектеп кітапханасының іс-әрекетін автоматтандыру» тақырыбында практикалық жұмыс жүргізді.

 

Шара соңында семинарға қатысушы 33 тыңдаушыға куәлік тапсырылды.

 

Кітапхана бөлімінің бас маманы Ақкүріш БАЗАРҚЫЗЫ

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему