«Білімді мыңды, білекті бірді жығады»
Курс валют в Актау
на 04/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
4 Мая, 19:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Білімді мыңды, білекті бірді жығады»

28 Марта 2019 (11:35) | 2090 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласындағы көлік және коммуникациялар колледжінде студенттермен кездесу болып өтті.

 

 

Мешіттің жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген шараға Ақтаудың бас имамы Зиядолла Еміл, бокстан әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Ердос Жаңабергенов, боксшы, «Құрмет» орденінің иегері, Лондон және Рио-Жанейро жазғы олимпиадаларының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов қатысты. Мәртебелі қонақтар студенттерге білім, спорт және дін тақырыбында ой толғап, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

 

* Ел болашағы – оқушылар және студенттермен мұндай тақырыпта кездесулер жиі өткізіліп тұрады.

 

Басты мақсатымыз- жастарға дұрыс бағыт беру, бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақыру, имандылық пен адамгершілікке баулу.

 

Бүгінгі шарада әлемдік спорттың биігін бағындырып жүрген қос жерлесімізді үлгі ету арқылы студенттерді білім алуға, салауатты өмір сүріп, асыл дінімізді танып-білуге шақыруды мақсат еттік,-дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Зиядолла Еміл.

 

Спорт саңлақтары студенттердің түрлі сауалдарына жауап беріп, өздерінің балалық шақтарын еске алып, жеңіске жетер қиын жолдардың сырын ашты. «Білімді мыңды, білекті бірді жығады» деген қазақтың мақалын тілге тиек етіп, жастарды білім алудан, ізденуден және кітап оқудан шаршамауға шақырды.

 

Ал, Ақтаудың бас имамы Зиядолла Еміл асыл дініміздің қадір-қасиетін ашып, парасатты пайғамбарлардың өмір жолдарын баяндады. Әсерлі кездесу барысында студенттер өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

 

Бұл туралы біздің басылымға Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему