Өңір басшысы шекара бекеттерінде болды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 02:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өңір басшысы шекара бекеттерінде болды

25 Апреля 2017 (18:29) | 3203 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысының әкімі ЕралыТоғжанов Ақтау шекара отрядының мемлекеттік шекара бөлімшелерінде болды. Алдымен «Суе» техникалық қадағалау бекетінің, «Даля» шекара заставасының, «Темір баба» шекара бақылаубекетіавтокөлік бөлімшесінің қызметімен, әскерилердің өмір сүру жағдайымен танысты.

            Сондай-ақ, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Болашақ» және «Үстірт» шекара заставаларын күзететін 2018-әскери бөлімше әскерилерімен кездесті.

Жұмыс барысында өңір басшысы Қарақия ауданының әкімдігіне, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына «Суе» техникалық қадағалау бекеті мен «Үстірт» шекара заставасынжасыл технологияны пайдалану арқылы электрлендіру, электр қуатының тапшылығын жою және «Темір баба» шекара бақылау бекетінің барлық нысандарын электр тоғымен үздіксіз қамту мәселесін зерттеуді тапсырды. Сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар«Суе» бекетінде су тұшыту қондырғысын орнату және Қарақия ауданының Болашақ селосына дейін қиыршық жол салу мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов облыс әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашевқа «НК «КазАвтоЖол» АҚмен біргеЖаңаөзен қаласынан«Темір баба» кеден бекетіне дейін ұзындығы 50 километрлікавтокөлік жолын салуға мемлекеттік сараптама алу үшінжобалау-сметалық құжаттаманың аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

  Сонымен қатар,шекара заставасының аумағында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему