″ALTYN OIMAQ″ – маңғыстаулық дизайнерлердің қызығушылығын оятты
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 23:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

″ALTYN OIMAQ″ – маңғыстаулық дизайнерлердің қызығушылығын оятты

21 Марта 2019 (19:19) | 1778 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі "Киім дизайнерлері Одағы" және "Маңғыстау қолөнер шеберлері Одағы" қауымдастықтарымен бірлесіп жергілікті дизайнерлердің "ALTYN OIMAQ" /Алтын оймақ/ ұлттық байқауына қатысуға шақырып, басын қосты.

 

 

Дизайнерлер барлық ақпаратты ерекше ықыласпен қабылдады: байқау шарттары, кезеңдері, аталымдар, тіпті қызықты идеялар да талқылады. Жұмысты жандандыру үшін жұмыс топтары құрылды. Олардың көмегімен көрмеге қатысу және ауқымды шара үшін Маңғыстау тосынсыйын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Көрме жеңіл өнеркәсіп форумы аясында ағымдағы жылдың 7-8 маусымда Елордада өтеді.

 

Байқауға қатысу туралы барлық ақпаратты @altynoimaq арқылы білуге мүмкіндік бар. Қатысушының бейне үндеуін, эскиздер мен фотосуреттерді тікелей www.altynoimaq.fundwomen.kz сайтына жүктеуге болады.

 

-Киімнің немесе аксессуарлардың танымал дизайнері болу мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз! Жұлдызды шағыңызды ұтымды пайдаланыңыз! Бұл өте оңай әрі ұтымды жол!- дейді Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова.

 

 

Байқау мынадай аталым бойынша өтеді:

 

-ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКПЕН КӨМКЕРІЛГЕН ІСКЕРЛІК КИІМНІҢ ҮЗДІК ДИЗАЙНЫ

 

-ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКПЕН КӨМКЕРІЛГЕН СПОРТ КИІМНІҢ ҮЗДІК ДИЗАЙНЫ

 

-ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКПЕН КӨМКЕРІЛГЕН БАЛАЛАР КИІМІНІҢ ҮЗДІК ДИЗАЙНЫ

 

-ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКПЕН КӨМКЕРІЛГЕН ҮЙГЕ АРНАЛҒАН ТЕКСТИЛЬДІҢ ҮЗДІК ДИЗАЙНЫ

 

-ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКПЕН КӨМКЕРІЛГЕН АКСЕССУАРДЫҢ ҮЗДІК ДИЗАЙНЫ

 

CПОРТ АЯҚ КИІМІНІҢ ҮЗДІК КАСТОМ ДИЗАЙНЫ

 

Байқауды өткізу бәсекеге қабілетті брендтерді шығаруға дайын кәсіпқойлардың жаңа буынын анықтауға мүмкіндік береді.

 

«ALTYN OIMAQ» байқауы үш кезең бойынша ұйымдастырылады:

 

Бірінші кезең - өтінім қабылдау және Комиссияның іріктеуі

 

1-кезеңнің алғашқы бөлімі:4 наурыз – басталуы, 15 мамыр – өтінім қабылдаудың аяқталуы. 2-кезеңнің екінші бөлімі:10 маусым – басталуы, 15 қыркүйек – өтінім қабылдаудың аяқталуы.

 

Екінші кезең – қоғамдық онлайн-дауыс беру.

 

Үшінші кезең – байқаудың Бас жүлдесін алуға лауреатты анықтау.

 

Байқаудың әр қатысушысы бір немесе екі аталымға (одан артық емес) қатысуға өтінім беруге құқылы.

 

 

«ALTYN OIMAQ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 2019 жылдың желтоқсан айында өтеді.

 

-Байқау шеңберінде бірқатар ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру жеңіл өнеркәсіп саласын ары қарай дамытуға жағдай жасауда барлық мүдделі тараптардың күшін біріктіруге бағытталған. Іс-шара шеңберінде сіздерді бағдарламаның іскерлік бөлімі, жәрмеңке, дефиле, семинарлар мен шеберлік сабақтар күтеді,-деп хабарлайды осы ақпаратпен бөліскен Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему