Абайла, өрт!
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 19:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Абайла, өрт!

16 Октября 2018 (09:21) | 5213 | Автор: Нурганым Имашева

Өрт - тілсіз жау. Өрт- адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиянын тигізетін төтенше жағдай. Өрттің шығу себептері: электр жабдықтарының ақауы болуынан, балалардың ашық отпен ойнауынан, адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелеріне салғырт-салақ қарауынан, мас күйінде темекі шегіп жатып, ұйықтап қалуынан, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтамауынан туындайды.

 

 

Қарақия аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры А.Канжигитованың қатысуымен «Айгөлек» балабақшасы МКҚК бүлдіршіндері арасында «Абайла, от!» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

 

 

-Арнайы сабақта балалар жұмбақтар шешіп, ойындар ойнап, тұрмыстағы қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ тұрмыс жағдайындағы өртті болдырмау жөнінде көріністер қойды. Балалар сіріңке жағуға болмайтынын, үтікті қосып кетудің қауіпті екенін, олай жасауға болмайтынын, газды қосып қойып, плита үстіне дайындаған тамақты қалдырып кетуге болмайтынын, ақауы бар электр құрылғыларын пайдалануға болмайтындығын көрініс ретінде көрсетті.

 

 

Бүлдіршіндер өздері кіп-кішкентай болса да, арнайы ашық сабаққа белсене қатысып, өздерінің тиянақтылықтарымен, ыждаһаттылықтарымен таң қалдырды,- дейді біздің басылымға бұл туралы хабарлаған Қарақия аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары.

 

Суреттерді түсірген Қарақия аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему