«Өзіңнің тарихынды есте сақта және мақтан ет» -  бұл 1 наурыз мерекесінің негізгі алғы шарттарының бірі
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 04:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Өзіңнің тарихынды есте сақта және мақтан ет» - бұл 1 наурыз мерекесінің негізгі алғы шарттарының бірі

28 Февраля 2018 (10:25) | 7470 | Автор: Нурганым Имашева

2016 жылдан бастап Қазақстанда Республика Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173 жарлығымен бекітілген Алғыс күні - жаңа мерекесі пайда болды. Осы құжатпен ресми түрде жылда мерекелеу күні – 1 наурыз күні бекітілді.

 

 

2015 жылғы сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 22 – сессиясындағы Қазақстан Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде Ассамблеяның 20 жылдық мерекесін тойлау аясында, Республикада «Алғыс айту күнін» мерекелеуді ұсынды.

 

Ал ҚХА-ның құрылған күні – 1 наурыз – «еліміздің халқы бір-біріне және қазақтарға көптеген халықтар елге депортацияланған жылдары шыдамдылық пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс айтуға мүмкіндік алатын» мереке күні ретінде таңдалды. «Бұл күні барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген жанашырлық, достық және махаббаттың жарқын мейрамына айналуы ғажап емес», - деген еді Елбасы.

 

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік ұлттық саясатты жүйенің орталық орнын алып отыр, ол өзінің құрамында 800 этномәдени бірлестіктерді қамтиды. 1995 жылдан бастап ҚХА этноаралық даму мәселелерін қарастыратын, биліктің орталық және жергілікті атқару органдарының жұмыс координаторына айналды. Бұл қызмет ақпараттық, білім, тәрбие, құқықтық, сондай-ақ этноаралық келісімді қамтамасыз ететін халықаралық аспектілерден құралған.

 

20 ғасырдың басында-ақ Қазақстанға Ресейден, Украинадан және Белоруссиядан 1,1 млн. адам келген, 1930 жылдары жинақтау барысында мұнда 250 мыңға жуық айдауылданған крестьяндар жіберіліп, 1,2 млн. адам КСРО барлық түкпір-түкпірінен өндірістік нысандардың құрылысына көшірілді.

 

 

 Осы адамдардың тұрмыс орнатып, өмір сүруіне жағдай жасаған – Қазақ халқы. Сондықтан аталған мерекенің бекітілуі– бұл барлық ұлттардың бір-біріне және ағайын ретінде жылы қарсы алып жанашырлық танытқан қазақтарға деген сыйластығы мен алғыстарының белгісі.

 

 

«Өзіңнің тарихыңды есте сақта және мақтан ет» - бұл мерекенің негізгі алғышарттарының бірі болып табылады. Ал аталған күннің мақсаттарының бірі – өсіп келе жатқан жас ұрпақты толеранттылық, татулық және бір-біріне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу, сонымен қатар – Қазақстандағы этноаралық келісім мен ұлтаралық қатынастарды нығайту.

 

Заманауи әлемде жаһандану шекараны жояды, ғаламшардағы миллиондаған адам мигранттар деп саналады. Сондықтан осы жүзжылдықта халықтар үшін басты емтихан - толеранттылыққа арналған емтихан болатыны сөзсіз.

 

 

Қайнар: Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы»

Суреттер egemen.kz сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему