Ақтау тұрғындарына Каспий теңізінде суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
19 Мая 2018 (19:34) | 4197 | Автор: Нурганым Имашева
Бүгін - 19 мамыр күні суға шомылу кезеңінің қарсаңындатеңізде адамдардың қаза болуының алдын алу және қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Жедел-құтқару жасағымен бірлесіп, теңіз жағалауларында рейд шарасын жүргізді.
Рейд барысында қызметкерлер демалушыларға судағы өлімдердің себептері мен салдарын түсіндіріп, олардың ішіндегі басым бөлігі мас күйінде суға түсу, тыйым салынған жерлерде, балаларды қараусыз су жағасында қалдыру екенін айтып өтті.
-Қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы толығымен түсіндіріліп, жаднамалар таратылды. Жыл сайын суға түсу маусымында алғаш болып қауіпсіздік ережелерін сақтамай суға түсетіндер де балалар екені белгілі.
Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен суға шомылу маусымында халық арасындағы үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады,-дейдіАқтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері.
Суреттерді түсірген Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему