Жемқорлықты ашуға көмектескен адамға сыйақы беріледі
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 17:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жемқорлықты ашуға көмектескен адамға сыйақы беріледі

26 Января 2017 (11:21) | 2393 | Автор: Мира Ботабекова

 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу әрбір жүрегі елім деп соққан азаматтың борышы. Бұл кесел тек Қазақстанға ғана тән емес. Сыбайлас жемқорлық әлемнің дамыған елдерінде де жиі кездеседі екен. Осы орайда, француз философы Шарль Луи Монтескьенің мына бір сөздері еріксіз еске түседі. Ол «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп тұжырым жасаған. Шындығында, шенділердің осы бір аты жаман кеселге бейім тұратынын БАҚ құралдарынан жиі еститініміз жасырын емес.

            Сыбайлас жемқорлық дегеніміздің өзі мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілгендердің лауазымдық қызметін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты, бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алу. Нақты бақылаушы институционалды ұйымның болмауы, қызметтің егжей-тегжейлі регламенттенбеуі, құқық бұзушылықтың бақыланбауы және жасалған қылмыс үшін жауапқа тартылмауы - басқару аппаратының қауқарсыздығына және сыбайлас жемқорлықтың тұтануына, яғни өршуіне әкеліп соғады. Әрине, сыбайлас жемқорлық орын алған жерде жарқын болашақты елестету мүмкін емес.

            Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деп аталатын жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрес барша халықтың борышы екенін айтқан еді. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресуді құқық қорғау органдары мен лауазымды тұлғалардың міндеті деп қарап, оларға ысырып қоюға болмайды. Заң бойынша сыбайлас жемқорлықты ашуға көмектескен адам мемлекет қарауында болып, қызметте көтермеленіп, арнайы сыйақы берілетінін ұмытпағанымыз жөн.

            Елімізде 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы қабылданып, жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы дайындалды. Бұл заңнамалық актілердің басты мақсаты сыбайлас жемқорлық дертінен елімізді сақтап, парақорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықтан туындайтын жүгенсіздіктерге жол бермеу, құқық бұзушылықты анықтап, тиісті жаза, шара түрлерін қолдану.

Елбасымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мынадай бағдарламалық бірегей бағыттарын көрсетіп берген болатын. Олар; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басымдығы, оны тудыратын себептер мен оған ықпал ететін шарттарды жою, мемлекеттік ресурстарды бөлуді бақылауды күшейту,мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын іске асыруын бақылау, сыбайлас жемқорлықпен күреске өкілетті билік органдарын кеңінен тарту, әр түрлі салаларда сыбайлас жемқорлықтың орын алу деңгейін анықтау кезінде халықаралық рейтингтер жүйесін пайдалану, халықаралық институттардың, отандық үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуы.

            Құқықтық жүйесі жалпы құқыққа негізделген Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландияда іс жүргізуде ашықтық басым болғандықтан, бюрократиялық кедергілер аз және сыбайлас жемқорлық деңгейі барынша төмен.

Бізде осы елдердің қатарына қосылу үшін бүкіл қоғам болып белсенді түрде сыбайлас жемқорлықпен күресуіміз шарт. Әрине, ол үшін әрбір тұлға өзінен бастауы қажет деп ойлаймын. Сондықтан, пара беруден де, пара алудан да бойымыз мен ойымызды аулақ ұстайық.

Назгул Самендирова, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему