Ақтауда балет және гимнастика академиясы ашылды
Курс валют в Актау
на 18/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
18 Мая, 19:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда балет және гимнастика академиясы ашылды

5 Мая 2018 (16:27) | 2822 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласында тағы бір жаңа спорттық нысан пайдалануға берілді. Бұған дейін есігін айқара ашқан «Lions Fight Club» жауынгерлік өнер академиясы және «CrossFit Aktau» кроссфит залынан соң, «Olympus» балет және спорттық гимнастика академиясы пайдалануға берілді.

 

 

Айта кету керек, бұған дейін Ақтау шаһарында балет мектебі болған емес. Ал спорттық гимнастика болса осыдан 25 жыл бұрын болған. Не себепті спорттың бұл түрлерін дамыту осыған дейін қолға алынбағаны түсініксіз.  

 

Ал академияның ашылуында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сакеев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Қарабалаев, танымал спортшылар және қала тұрғындары болды.

 

Жас кәсіпкер Аманжол Жаңабайдың айтуынша, жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылып отыр. Үш спорт залды тұрғызу үшін 360 млн. теңге жұмсалған. «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдігімен сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған құралдар пайдаланылған. 

 

 

-Ақтау қаласында спорттық гимнастика соңғы рет осыдан 25 жыл бұрын болған. Енді академияның ашылуымен біз бұл мәселені шешімін тауып отырмыз, себебі жастар арасында гимнастикаға деген қызығушылық жоғары. Ал балет болса біздің қаламызда бұрын мүлдем болмаған.

 

Негізінен мен бұрын дамымай қалған спорт түрлерін дамытуды қолға алу қажет деп есептеймін. Мәселен, джиу-джитсу, еркін күрес MMA спорт түрлері бойынша қысқа мерзімде нәтиже шығару Дағыстан және Бразилия елінен тәжірибелі бапкерлерді алдыртып отырмыз. Олар қазір Ақтауда тұрып жатыр және болашақ чемпиондарды дайындауда», - дейді кәсіпкер Аманжол Жаңабай.

 

Жетім балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін үш спорт залда тегін қатысу мүмкіндігі қарастырылған. 

 

Аманжол Жаңабай мұнымен тоқтап қалғысы жоқ. Ол мұндай спорттық академияларды Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау ауданында ашу жөніндегі ұсыныспен шыққан. Алайда қалалық және аудандық әкімдіктерден әлі жауап жоқ. Бұған қарамастан кәсіпкер өзінің жобасы жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау табатынына сенімді.

 

Ақжолтай жаңалықты біздің басылымға ҚР Журналистер Одағының мүшесіКәмшат Ізбасарова жолдады.

 

Суреттерді түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему