Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

28 Января 2018 (15:49) | 3072 | Автор: Нурганым Имашева

Жыл сайын Мұнайлы ауданында автокөліктер өрт қауіпіне ұшырайды. 2018 жылы бүгінгі таңға дейін өрт талдауына сәйкес, жалпы сомасы зиянымен  2 000 000 теңге болған  2 автокөліктердің өртке орануы тіркелген.

 

 

Көбіне өрт шығудың себебі - электрожелілерінің қысқаша тұйықталуы болып табылады.

 

Автокөлікте өртті болдырмау үшін, жеке автокөлікті техникалық түзу күйінде сақтау, зауыт нұсқаулығының талаптарына сәйкес пайдалану мен техникалық қызмет көрсету, сонымен қатар өрт қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау қажет.

 

Автокөліктерде өртті болдырмау мақсатыңда, Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің 2018 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, Мұнайлы ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірігіп әуесқой автомобильшілері арасында автокөліктерде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау нұсқауларының орындалуын тексеру мақсатында  рейд жүргізді.

 

Нұсқаулық жүргізу барысында автокөлік иелеріне орыс және мемлекеттік тілде шығарылған алдын алу сипатындағы жадынамалары тапсырылды.

 

Мұнайлы ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері автокөлік иелерін көліктің электр өткізгіштерінің оқшаулануы күйіне, түйісу сапасына, сонымен қатар алғашқы өрт сөндіру құрылғыларын (өрт сөндіргіштер) жарамды күйде болуына жете назар аударуды үндейді.

 

Электр жүйесіндегі барлық өзгерістері немесе қосымшалары білікті мамандармен сапалы тексерілуі тиіс.

 

Жеке көлік құралының әрбір автокөлік иесінің өз автокөлігі мен гаражында өрт қауіпсіздік ережесінің сақталуына жоғары жауапты болса ғана, тұтану мен өрттердің шығу мүмкіншілігін болдырмайды.

 

Абай болыңыздар, өрт қауіпсіздік ережесін сақтаңыздар!!!

 

Мұнайлы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азматтық қорғау майоры Жанызаков Айдос Толыбайұлы

Суреттерді түсірген Мұнайлы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему