Сарбаздарды шығарып салды
Курс валют в Актау
на 07/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
7 Мая, 04:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сарбаздарды шығарып салды

30 Апреля 2018 (13:11) | 4387 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау гарнизонының 51809 әскери бөлімінде ҚР Қарулы күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген 2017 жылдың бірінші шақырылымындағы 130 жауынгерді әскер қатарынан шығарып салу салтанаты өтті.

 

 

Сарбаздар Ақтөбе және Қарағанды облысынан шақырылған. Алаңға оқтай тізілген жауынгерлерді бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Марат Рашидұлы Құдабаев құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

 

Бұдан соң Әуе қорғаныс күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің жауынгерлік әзірлігін жоғарылатуға қосқан үлесі, қызметтік парызын атқару барысында міндеттерін адал орындағаны, үлгілі әскери тәртібі, ынта-жігері, қызметтегі ерекшеліктері мен парасатты бастамасы үшін бірқатар әскери қызметшілер мадақтамаларымен марапатталды, ата-аналарға Алғыс хаттар жіберілді. Бірқатар әскери қызметшілерге кезекті әскери атақ берілді.

 

 

-Бүгінде біз есейген, моральдық және дене тұрғысында нығайған сарбаздарды көріп отырмыз. Әскери сапта өткізген уақыт ішінде олардың әрқайсысы әскери мамандықты шебер меңгеру үшін біршама күш салды, еліміздің қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз етуге өзінің еңбегін, жан дүниесінің бір бөлшегін қосты.

 

Түрлі мамандықтарды сарбаздар әскердегі бір жылғы қызмет ішінде игеріп алды. Бұл уақыт аралығында жинақталған дағды жұмыс іздеу, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жұмысты жеңілдететініне, ал көбісі үшін өзінің өмірін Қарулы Күштермен байланыстыру үшін ынталандыру болатынына сенімдімін, - деді подполковник Марат Рашидұлы Құдабаев.

 

 

Суреттерді ұсынғанАқтау гарнизонының 51809 әскери бөлімі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему