Жоқ дегенге жүрек сенгісі келмейді....
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 05:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жоқ дегенге жүрек сенгісі келмейді....

15 Июля 2020 (20:03) | 2843 | Автор: Редакция

Өмірден мезгілсіз өткен Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Гүлжазира Алдашеваға туыстары өлең жолдарын арнап, қайғыларына ортақтасқан барша жандарға алғыстарын жолдайды.

 

 

Осы күндері біздің қайғымызды бөліскен баршаңызға алғысымызды білдіреміз. 

 

Гүлжазира Алдашеваға арнау

 

Ғұмырды қайтем, тұрлаусыз?

Тіршілік жоқ қой -шырмаусыз,

Қайран да менің Ақ Гүлім ...

Қалдырам қалай жырлаусыз ?

 

Бауырмал болдың бауырға,

Жағымды болдың қауымға

Аласармай да жүруші ең,

Кезіккен өткел- дауылға

  

Ерекше болдың, Елігім!

Жарасқан келбет-көрігің

 Ел үшін адал іс қылып,

Айшықты еді сенімің!

 

Есімде бүтін ғұмырың,

Елгезек болған құлыным!

Жүруші едің көрсетпей,

Тағдырдың салған сынығын.

 

Ұшқыр да болды ойларың,

Балауса кезден бойладың

Артекке бардың ерек боп,

Біліммен өрлеп аймағың!

 

Шұғылаң көпке шашылған

Еңбекқор болдың жасыңнан,

Досқа да сыйлы ,сүйкімді

Қызғалдақ едің ашылған!

 

Тәрбие және білімде,

Қолтаңбаң қалды ілімде

Мәдениетінде Өлкенің

Сақтаулы қалды үнің де!

 

Қоғамда қалды дерегің,

Биікте еді кемерің!

Туған жер жасын сүртіп тұр,

Жоғалтып нәзік- Желегін...

 

Шуағын шашқан күн де едің,

Бүгін де мынау түнге ендің...

Аязды күні бүр жарған,

Сабағы келте гүл ме едің?

 

Дертіміз жанға сия ма?

Бірге өскен бауыр ұяда,

Қуаныш көрер сәтіңде,

Асықтың неге "қияға"?

 

Сағындың ба екен қызыңды?

Ертерек ол да үзілді...

Мезгілсіз кеткен жан-жарың,

Сағынды бәлкім жүзіңді?!

 

Мезгілдер мынау қас-қағым!

Келмеске кетті-ау жас жаның,

Қос ұлдың көркем күндерін...

Ақ Гүлім кімге тастадың?

  

Халқыңның берген Алғысы,

Ұлдарыңа қалған дарысын,

Аналық - сезім қорған боп ,

Қастарынан ылғи табылсын!

 

Алладан келген сынаққа,

Амалың бар ма бірақ та!

Пейіштің нұры шашылып,

Табылсын жаның Жұмақта!

  

Хор қызы болып Тәңірдің,

Жәннаттан жаным табылғын!

Алдыңнан гүл боп шашылсын ,

Өтеуі адал жаныңның...

 

Алдашева Күләш

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему