Неке бұзу істері бойынша татуласу мерзімі
Курс валют в Актау
на 04/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
4 Мая, 05:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Неке бұзу істері бойынша татуласу мерзімі

30 Марта 2018 (12:42) | 5230 | Автор: Нурганым Имашева

Неке – отбасын құрудың негізі. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ неке болып табылады. Алайда,елімізде некеге тұра сала ажырасушылардың саны артып отырғаны жасырын емес. Бұл бүгінде  негізгі әлеуметтік проблемаға айналып отыр. 2015 жылы Қазақстанда заңды тіркелген неке 148 769-ды құраған. 2016 жылдың қаңтар-сәуір айында  39 682 неке заңдастырылған. Неке қию 4,6% төмендеген. 2017 жылдың қаңтар-сәуір айында 16 338 ажырасу фактісі тіркелген. Елімізде ажырасу ең көп тіркелетін аймақтарға Павлодар облысы (53%), Қостанай облысы (51%), Солтүстік Қазақстан облысы  (50%) жатады екен.  Маңғыстау облысы бойынша 2017 жылдың 12 айында сотқа барлығы 2544 неке бұзу туралы іс және талап арыз түскен екен. Оның 2306-ы қаралып, 1338-і қанағаттандырылған. Ал, 627 іс медиациямен жұбайлардың татуласуына байланысты қысқартылған.

 

 

Ал, енді некені сот тәртібімен бұзу туралы айтсақ. Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша оны бұзу жолымен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайының қорғаншысының өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін. Некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 19-бабына сәйкес,  егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады. Аталған кодекстің 20-бабына сәйкес,  ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі-зайыптыларға татуласу үшін алты ай шегінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы. Ерлі-зайыптыларға татуласу үшін мерзім тағайындалып, істің қаралуы кейінге қалдырылған жағдайда, сот ерлі-зайыптылардың бірінің талап-арызы бойынша осы Кодекстің 22-бабы 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген мәселелерді шешеді.  Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды талап етсе, неке (ерлі-зайыптылық) бұзылады.

 

 

Әрине, ажырасамын  деген адамға сылтау да, себеп те табылары анық. Алайда, кез келген ажырасушы«ажырасамын» деген  ойды санаға алмас бұрын  жауапкершілікті  сезініп, ортадағы баланың жағдайын, оның «әкем қашан келеді» немесе «анам қашан келеді» деп жәутеңдеп өспеуін ойласа игі болар еді. Себебі, отбасы – мемлекеттің тірегі, Отанның ұйытқысы.

 

Ибраимова Гүлбақыт, Ақтау қалалық №2 сотының бас маманы

 

Суреттер presstv.com ZHARAR.com сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему