Сот отырысындағы қауіпсіздік
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 08:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот отырысындағы қауіпсіздік

31 Января 2018 (09:36) | 2235 | Автор: Нурганым Имашева

Жыл өткен сайын сотқа жүгінуші азаматтар қатары артып келеді. Мұны өркениетті елдердегідей әрбір азамат өз құқығы мен бостандығын сот арқылы мәдениетті түрде қорғауға ұмтылуы деп түсінуге болады. Сот отырысында азаматтардың құқығын сот пен заңгерлер қорғаса, олардың қауіпсіздігін сот приставтары қамтамасыз етеді.

 

 

Елімізде сот приставтары туралы 1997 жылы арнайы заң қабылданып, олардың міндеттері мен талаптары айқындалды. Сот приставтарының заңды талаптары барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

 

Сот приставтары залда қоғамдық тәртіпті сақтауға, бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың орындалуын бақылауға, сотқа жәрдемдесуге, сотқа қатысушыларды күзетуге міндетті.

 

 

Манғыстау облысы бойынша сот приставтары өткен 2017 жылы барлығы 4157 іске қатысып, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Нәтижесінде сот приставтарының хаттамаларымен 40 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

 

Маңғыстау облыстық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың  сот приставтарының толтырған хаттамаларында процеске қатысушылар сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбай, сотта белгіленген қағидаларды бұзып, сотқа құрметтеушілік көрсеткен.

 

Осы фактілер бойынша құқықбұзушыларға айыппұлдар салу, қамаққа алу жазаларымен бірге, ескертулер де беріледі.

 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 653-бабымен толтырылған хаттамалар негізінде өткен жылы барлығы 9 құқықбұзушыға 45 380 теңге айыппұл салу жазасы қолданылған.

 

 

Бегжігіт Тұрлыбек, Маңғыстау облыстық сотының Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы

 

Суреттер kerek.info.kz cайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему