Облыс әкімі маңғыстаулық қос балуанға 1 миллион теңге табыстады
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 19:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыс әкімі маңғыстаулық қос балуанға 1 миллион теңге табыстады

28 Октября 2017 (13:36) | 1723 | Автор: Нурганым Имашева

Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, көк туымызды желбіретіп жүрген маңғыстаулық бір топ спортшыларды қабылдады.

Маңғыстаудың тарихында жастар мен жасөспірімдер арасында самбо күресінен тұңғыш Әлем чемпионы атанған Рамазан Мамаев пен Хорватияда жастар арасында дзюдодан өткен Әлем чемпионатының тұңғыш қола жүлдесін иеленген Бауыржан Нарбаевты кезекті жеңістерімен құттықтап, ата-анасы мен бапкерлеріне алғысын білдірді.

 

 

-Маңғыстаудың тарихында тұңғыш рет самбо күресінен жастар арасындағы Әлем чемпионы шықты. Бұл жеңіс-алдағы жеңістердің бастамасы деп білемін.

Спорт-бос уақыт өткізетін дүние емес, бұл еліміздің рухы. Сондықтан да қос балуанымыздың жеңісі, жетістігі алдымен ата-ана үмітінің ақталғаны, бапкерлер еңбегінің жемісі, талай жылғы еңбектің нәтижесі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та елімізде спортты дамытуға көңіл бөліп, барлық жағдайды жасап, жаңа спорт кешендерінің бой көтеруіне қолдау көрсетуде.

Өңірде спорт саласы қарқында дамып, спортшыларға жан-жақты жағдай жасау мақсатында жеке кәсіпкерлердің қолдауымен 4 спорт кешені салынды.

 

Жыл аяғына дейін аудан мен ауылдарда 4 спорт кешені ашылатын болады. Еліміздің рухын көтеріп, мерейімізді үстем етіп жүрген Сіздерге алғыс айтамын,-деген облыс әкімі Е. Тоғжанов қос балуанға 500 мың теңгенің сертификатын табыстады. Сондай-ақ мұндай марапат қос спортшының бапкерлеріне де жасалатынын айтты.

 

Басқосуда сөз алған облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов өңірде спорттың дамуына қолдау көрсетіп, жастардың спортпен айналысуына жағдай жасағаны үшін аймақ басшысы Ералы Лұқпанұлына алғыс айтып, спорт мектебінің жетістіктері жайында әңгімеледі.

 

 

Аталмыш мектептен осы уақытқа дейін талай халықаралық жарыстарда топ жарған, ел намысын Азия, Әлем чемпионаттарында абыроймен қорғаған, Маңғыстаудың мақтаныштары Әмірбек Жеңісов, Сұңғат Жұбатхан, Бауыржан Нарбаев, Бауыржан Сағынғалиұлы, Рамазан Мамаев, Ақниет Тұрдан тәлім алды.

 

Ұлдарды білікті бапкерлер Берік Жұмағалив, Сергей Волобуев, Жомарт Қобыланов, Асхат Хапанов, Ерлан Серіков дайындаса, облыста қыздар арасында дзюдо мен самбо күресін дамыту үшін КСРО-ның спорт шебері, белгілі бапкер Мәншүк Баданованы арнайы шақырған.

 

Сонымен қатар ҚР спорт шебері Балнұр Аппазова да қыздарды жарыстарға дайындап, қыздар арасында чемпиондарды шығаруға атсалысатын болады.

 

-Бұған дейін біздің спорт мектебінен бірнеше ҚР чемпионы, Азия чемпиондары, Еуропа кубогының иегерлері, Әлем чемпионатының күміс, қола жүлдесі де болды.

Бізге керегі Әлем чемпионатының алтыны еді. Аллаға шүкір, біздің сол тілегімізді шәкіртім Рамазан Мамаев орындап, Маңғыстаудың тарихында жастар мен жасөспірімдер арасында самбо күресінен тұңғыш Әлем чемпионы атанды.

Және бұл жүлде қазақ еліне соңғы жеті жылдан кейін самбо күресінен келген алтын медаль екенін қуанышпен айта аламын. Алдағы уақытта да Маңғыстаудың атын шығарып, қазақтың әнұранын шет мемлекеттерде асқақтататын балуандарымыз шығатынына сенемін.

Ендігі меже - Маңғыстаудан Олимпиада чемпионын шығарып, 2020 жылы Токиода Олимпиада шыңын бағындыру. Сол мақсатта еңбектенетін боламыз,-деді облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему