Әріптестік әрекетінің ахуалы
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 16:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әріптестік әрекетінің ахуалы

25 Октября 2016 (17:45) | 1663 | Автор: Нурганым Имашева

 

Өткен аптада Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалының алаңында «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Әлібеков Елдан Шарпатұлының қатысуымен «Аймақта мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті (МЖӘ) дамыту» мәселесі бойынша баспасөз мәслихаты болып өтті.

 

Басқарма төрағасы өз сөзінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің негізгі нышандарының өзекті мәселелерін қозғап, маңғыстаулық МЖӘ орталығының алдында тұрған негізгі міндеттерге тоқталды.

 

- Өздеріңіз білетіндей «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік жеке меншік әріптестік орталығы» МЖӘ жобаларының құжаттамаларын жасақтаумен, облысымызда жүзеге асырылып жатқан жобаларға отандық және шетелдік инвесторларды тартумен, сондай-ақ жекеше әріптестерге консультация беру жұмыстарымен айналысады.

Осы мақсатта біз Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасымен, «КazNextInvest» АҚ, Қазақстандық мемлекеттік жеке меншік әріптестік орталығымен және барлық жергілікті мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс атқарамыз.

Бүгінгі күнге дейін біздің Орталыққа Қытай, Түркия, Германия, Грузия елдерінен инвесторлар хабарласып, өңірдегі жүзеге асырылып жатқан әртүрлі ірі жобаларға өз қызығушылықтарын білдіруде.

Жыл соңына дейін «МЖӘ туралы» Заңға және заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі деп күтілуде. Өзгерістер мемлекеттік қолдаудәы анықтау әдістемелерін енгізу және МЖӘ нысандарын жасаудың құнын қалыптастыру тұстарында да болмақ.

Мұндағы маңызды жайт – жобаларды жасақтау пооцедураларының ықшамдалуы. Ол дегеніміз – бірінші кезекте ведоствоаралық комиссияның құрылуы. Оның мақсаты – жобалар бойынша туындаған проблемалық сұрақтарды жедел түрде шешу және мақұлдау үрдістерінің тәртібін ықшамдау және мерзімін қысқарту, - деді спикер.

 

Елдан Шарпатұлының мәлімдеуінше, Орталықта 10 МЖӘ жобасы бар. Олардың қатарын «Маңғышлық-Баутино» теміржол желіліерін салу және пайдалану», «Ұшу-қону» алаңы бар Кендірлі әуежайын салу және пайдалану» (құны – 86 және 21 млрд. теңге) және білім басқармасы тарапынан – Мұнайлы ауданында балабақшалар құрылысын салу Ақтау қаласында 4 балабақшаны сенімді басқаруға беру, мектеп алаңдарында спорт залдарын жасақтау, денсаулық сақтау саласындағы 3 жоба - онкологиялық орталықтың, Ақтау қаласының жоғарғы шағынаударында көпсалалы аурухана және емхананың құрылысын салу, тұрғын-үй құрылыстары. жобалары құрайды.

 

Жыл соңына дейін алдыңғы екі транспорт саласындағы жобадан өзгелері бойынша конкурстар өткізілетін болады. Жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығы сол – өңірде жұмыс орындарын ашу, Маңғыстау облысының кәсіпорындарын жобаны инвестициялау үдерісіне қатыстыру, жаңа технологиялвар мен менеджмент жүйесін егізу, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін береді.

 

- Бинес үшін біз МЖӘ жобаларында шыққан шығынды өтеу түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын ұсынамыз, яғни, нысандарды салуға кеткен шығынды қайтаруға, кейбір шығындың нысандарды пайдалану кезінде өтелуіне ықпал етеміз, мемлекеттік тапсырыс бойынша қолдау көрсетуді қолданамыз, - деді журналистердің сауалдарына жауап берген «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Елдан Әлібеков .

 

Басшы сонымен қатар кейбір жобаларды (су тұшыту зауыты, альтернативті энергетика, қатты-тұрмыстық қалдықтарды өңдеу) жүзеге асыру бойынша Жұмыс тобы құрылып, туризм, ауылшаруашылығы салалары бойынша инвесторлардың ұсыныстарын қарау жөнінде Жұмыс тобының құрылғаны туралы әңгімеледі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему