Маңғыстау қуыршақ театрының ұжымы Бішкектен олжамен оралды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 08:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау қуыршақ театрының ұжымы Бішкектен олжамен оралды

31 Мая 2017 (17:20) | 1691 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының ұжымы мамыр айының 25-29 аралығында Қырғыз Республикасының астанасы Бишкек қаласында өткен II Халықаралық «Так-Теке» қуыршақ театрлары фестивалінен олжамен оралды.

 

Халықаралық деңгейдегі сайысқа Ресей Федерациясынан Мәскеу облыстық мемлекеттік қуыршақ театры, Өзбекстан Республикасынан Ташкент қаласының мемлекеттік қуыршақ театры, Қазақстан Республикасынан Алматы мемлекеттік қуыршақ театры және де Маңғыстау облыстық қуыршақ театры, сонымен бірге Қырғыстан Республикасының М.Жангазиев атындағы мемлекеттік қуыршақ театры және Ош қаласының Н.Шамурзаев атындағы облыстық қуыршақ театрлары қатысты.

 

 

Фестивальда Мәскеу қаласының мемлекеттік қуыршақ театры директоры, театр сыншысы Борис Михайлович Брыкин, Қырғыз елінің еңбегі сіңген әртісі В.В.Анникова және де Қырғызстан мемлекеттік театр қайраткерлері одағы мүшесі Н.Адыловтар қазылық етті.

 

 

Маңғыстау театры апарған Н.Насырованың «Айжан әженің ертегісі» қойылымы фестивальға жиналған жұртшылықтың көңілінен шықты. Әділ қазылардың жоғарғы бағасына ие болып, фестивальдің қорытындысы бойынша, «Көшпенді халықтарының қолөнер дәстүрін аса шеберлікпен іске асырғандары үшін» II Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің лауреаты атанды.

 

 

Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының ұжымы Қырғызстан Республикасы мәдениет министірінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

 

Фестиваль шеңберінде көптеген шеберлік сағаттар мен пікірталастар өткізілді. Актерлар өзара тәжірибе алмасты. Фестивальдің соңғы күні шет мемлекеттен келген қонақтар «ата Бейіт» кешеніне барып, халық ағартушысы, жазушы Шыңғыс Айтматовтың мемориалына гүл шоқтарын қойды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему