Ақтаулық волейболшылар – алтыншы рет Республика чемпионы
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 02:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық волейболшылар – алтыншы рет Республика чемпионы

28 Июня 2017 (12:31) | 1838 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстауда тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Үш күнге созылған додаға Жаңаөзен, Ақтау қалаларының және Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген командалар қатысты. Аталмыш командалардың құрамында 75 спортшы бар.

 

               

-Жарысқа біздің команда тыңғылықты дайындалды. Бұған дейін біз Грузияда өткен халықаралық турнирде волейболдан үшінші орын алған болатынбыз.

 

Жағымды жаңалықпен бөлісейін, биыл облыстағы мүгедек спортшыларға арналған ангар типтегі спорт ғимараты пайдалануға берілген болатын. Спортшылар үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Жаттығу залы, волейбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы ойнауға арналған залдар бар. Одан бөлек киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелері де қарастырылған,-дейді Маңғыстау облыстық мүгедектер спорты клубының директоры Нұралы Құлышов.

 

               

Командалық ұйымшылдықты, ширақ қимыл мен шеберлiктi талап ететін жарыста Ақтау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының командалары  белсенділік танытты. Үшінші орын үшін Ақтөбе мен Қызылорда командалары өзара  таласты.

 

Тартысты өткен кездесудің нәтижесінде ақтөбеліктер 3:0 есебімен жеңіске жетіп, үшінші орынға табан тіреді. Ақтық сында кездескен Ақтау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының командалары жеңіс тұғырына көтерілу үшін барын салды. 2 сағатқа созылған шешуші кезеңнің қорытындысында 3:1 есебімен қарсыластарынан басым түскен ақтаулықтар бірінші орынды иеленіп, алтыншы рет ел чемпионы атанды.

               

-Жеңіс тұғырынан көріну үшін тырысып бақтық. Өзіміздің өңірімізде өтіп жатқан жарыс болғандықтан бізге артылған үміт те зор болды. Сол үдеден шығу үшін барымызды салдық.

 

Біздің команда осымен алтыншы мәрте ҚР чемпионы атанып отыр. Өкінішке орай,  жарыс барысында командамыздың мықты ойыншысы Ерболат Алтаев жарақат алып қалғандықтан, ойынды әрі қарай жалғастыра алмады. Мүмкін, нәтижеміз бұдан да жоғары болар ма еді,-дейді Маңғыстау облыстық мүгедектер спорты клубының директоры Нұралы Құлышов.

 

               

ҚР чемпионатының қорытындысы бойынша бірінші орынды Ақтау командасы иеленсе, екінші орынға Оңтүстік Қазақстан облысының тобы көтерілді. Үшінші орынды Ақтөбе командасы қанағат тұтты.

               

Ақтаулық Чемпион-команданың құрамында Бауыржан Оразалиев, Ерболат Алтаев, Нұралы Құлышов, Ғабит Назарбеков, Аян Рахметов, Мұрат Оңғарбаев, Мақсат Альясов,  Асхат  Юсупов, Қуандық Бисенов өнер көрсетті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему