Болашақ маман – ел тірегі
Курс валют в Актау
на 13/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
13 Мая, 01:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Болашақ маман – ел тірегі

19 Июня 2017 (09:17) | 3680 | Автор: Нурганым Имашева

Осы мақалаға арқау 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген Елбасымыздың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты мақаласы болып отыр. Бұл мақалада Елбасымыз көптеген түйіткілді мәселелерге назар аударып, олардың шешілуіне септігін тигізетін бағыт-бағдар берген. Соның ішінде елдің қайта жаңғыруына негіз болатын айрықша маңызды екі процесске саяси реформа мен экономикалық жаңғыруға тоқталған. Басты мақсат –әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу екендігі айқын көрсетілген. Ал мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

 

 

Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезімімізбен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес дей отыра Елбасымыз бәсекелік қабілет деген сөзге түсінік береді.

 

Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады деп дөп басып айтқан.

 

Мен бұл сөздерді өзім қызмет атқарып жатқан кәсіптік техникалық білім беру ордасы ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжімен тікілей байланыстырамын.

 

Себебі біздің колледжіміздің миссиясы да осы еңбек нарығында Республика бойынша, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша экономиканың дамуына өз үлесін қосатын азаматтық және адамгершілігі мол, сапалы, инновациялық жаңаша ойлайтын, өз мамандығына тәжірибелік бағытталған қабілетті тұлғаны дайындау болып табылады.

 

 

Яғни, болашақ маман дайындауда басты назарда ұсталуы қажет бағыттарды Елбасымыздың өзі тайға таңба басқандай айқын көрсетіп отыр емес пе? Бізге, яғни оқытушыларға қойылып отырған міндет, жастарымызды адал, патриот, жан-жақты, әр кәсіп түріне тез бейімделгіш, өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын бәсекеге қабілетті тұлға әрі маман етіп дайындау.

 

Біздің колледж ұжымы да осы бағытта тынбай еңбек етуде. Бұған мысал - соңғы жылдары мамандарды дайындауда теориялық біліммен қатар студенттерді тәжірибеге баулуға көп көңіл бөлінген. Сол мақсатта колледж оқытушыларын дуалдық оқыту жүйесі бойынша жетілдіру курстардан өткізудеміз.

 

 

Атап өтсек, дуалды оқытуда көп жетістікке жеткен Германия елінен колледжімізге мамандар шақыртылып курстар жүргізілді. Алғаш оқытушыларға Иохайм Ханс Шродт мырза «Германия еліндегі кәсіптік білім берудегі қолданылатын дуалдық оқыту әдістері» тақырыбында курс өткізсе, ал Гвидо Гербердинг «Германия елі білім беру жүйесінің ерекшеліктері» тақырыбында курс өткізді.

 

Ал дуалдық оқыту жүйесі бойынша тәжірибеден «Ғимараттармен құрылыстарды салу мен пайдалану» мамандығы бойынша оқитын СЭЗ-14с/о тобы студенттері ЖШС «АГЭ» мекемесінде өткізсе, ал «Су көліктерін пайдалану» мамандығы бойынша оқитын ЭВТ-13 тобы ЖШС «Каспиан Сервис групп» мекемесінде өткізді.

 

Жақсы маман дайындау үшін, міндетті түрде жақсы білім беретін оқытушы қажет екендігі белгілі. Сондықтан оқытушылар да жастарымызбен қатар өзін-өзі жетілдіру жұмыстарын жүргізуде.

 

 

Яғни Елбасымыз атап көрсеткендей тек қана бір азаматтың білімді болуы ештеңеге өзгеріс алып келмеуі мүмкін, алайда бүкіл ел болып жаңғыруға ұмтылсақ алдағы қойылған мақсаттарға жететіндігімізге күмән жоқ.

 

Дұрыс білім алған азаматтар ғана болашақта жақсы, бәсекеге қабілетті маман болып жетіліп, еліміздің тірегі болатындығына кәміл сенемін. Сол мақсатта қызмет атқаруда әріптестеріме сәттілік тілеймін.

 

Азидулла АЛДАБЕРГЕНОВ,

ЖШС «Каспий өңірі

«Болашақ» колледжі

директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары,

Ақтау қаласы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему