Мектепте қамқоршылық кеңесі құрылды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 05:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мектепте қамқоршылық кеңесі құрылды

14 Мая 2017 (14:43) | 6021 | Автор: Мира Ботабекова

 

Өткен жұма күні еліміздегі барлық мектепте бір уақытта жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті. Ақтау қаласындағы №3 білім ордасында өткен жиналысқа мектеп ата-аналары белсенді түрде қатысты. Жиынға 284 ата-ана келген. Сонымен қатар мектепке тұрақты түрде демеушілік жасайтын азаматтар, мұғалімдер мен облыстық білім басқармасының өкілі қатысты.

Жиында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерқұлова Тілектес Хасанқызы қорытынды аттестаттау мен ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматын таныстырды. Биылдан бастап түлектер емтиханды екі рет тапсырады: олар – қорытынды және жоғары оқу орындарына түсу емтихандары. Мектептерде қорытынды аттестаттау мына пәндер бойынша өтетін болады:

1. Ана тілі мен әдебиеті (жазбаша эссе түрінде);

2. Орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілінде оқытылатын мектептерде қазақ тілі. Қазақ тілінде оқытылатын мектептер үшін орыс тілі (тестілеу);

3. Қазақстан тарихы (ауызша емтихан);

4. Алгебра және анализ бастамалары (жазбаша);

5. Таңдау бойынша пән (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілдері) тестілеу түрінде.

Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы - 9-11 сыныпты бітірген оқушыларға тегін кәсіптік білім беріледі. Директордың тағы бір орынбасары ИсаевРүстемМұсаұлы бұл мамандық алам, кәсіп игерем деген жастар үшін таптырмас мүмкіндік екендігін айтты. Кәсіптік білім алуға бірінші кезекте тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы отбасылардың балалары ие бола алады. Кәсіптік білім шаштараз, аспаз, қонақүй қызметі, туризм, т.б. көптеген техникалық мамандықтар бойынша оқытылады.

Оқу ордасының ата-аналары жиналған басқосуда мектеп директоры Қарабаева Ақлима Кеманқызы мектепішілік қамқоршылық кеңесті құру мәселесін көтерді. Қамқоршылық кеңес жөнінде, оны құрудағы мақсат турасында түсіндірді.

Ақлиман Кеманқызының айтуынша, қамқоршылық кеңесі мектепті дамытуға, ондағы білім алатын оқушылардың білімі мен өнерін жетілдіруге септігін тигізеді. Қамқоршылық кеңестері - қоғамның білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі. Бұл білім беру мекемесін дамытуға мүдделі адамдардың ерікті негіздебіріктіретін мемлекеттік емес, коммерциялық емес,қоғамдық ұйым. Қамқоршылық кеңесі - тек қолдау мен қаржыландыру ғана емес, мектептің, ең маңыздысы - азаматтық қоғамның билікпен диалог құру құралы.

Қамқоршылық кеңестің мақсаттары - мектепке қолдау көрсету. Атап айтқанда, оның жарғылық функцияларының іске асырылуына, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық-техникалық базасының нығаюына септесу, сондай-ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу.

Қамқоршылық кеңесі мектептің әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыстық жағдайлары менжұмыспен қамтылуын жақсартуға жұмыстанады. Білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізеді. Білім беру ұйымы басшылығының Қамқоршылық кеңесіаодындағы есебін тыңдап-қабылдайды.

Қамқоршылық кеңестің маңыздылығы мен оны құрудың қажеттілігін түсінген ата-аналар бірауыздан қолдады. №3 мектепте Қамқоршылық кеңесі құрылды. Кеңес құрамына белсенді ата-аналар мүшелікке алынды. Сайланған азаматтардың міндеттері алдағы уақытта кеңес мүшелерінің жиналысында таныстырылады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему