Ақтау қалалық прокуратурасы жыл қорытындысына арналған жиын өткізді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 18:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қалалық прокуратурасы жыл қорытындысына арналған жиын өткізді

2 Февраля 2016 (09:57) | 1774 | Автор: Нурганым Имашева

 

Өткен аптаның аяғында Ақтау қалалық прокуратурасы жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясын ұйымдастырды. Жиында 2015 жылғы қадағалау органы тарапынан атқарылған жұмыстың қорытындысы жария етілді.

 

Шара барысында әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтардың сақталуын қадағалау бағытында қалалық прокуратура тарапынан қыруар жұмыстар атқарылғаны белгілі болды.

 

Атап айтар болсақ, Ақтау қалалық прокуратурасы 2015 жылда 93 тексеріс жасап, олардың кезінде 1 737 заң бұзушылықты анықтаған. 574 тұлға түрліше жауапкершілікке, солардың іщінде 189 лауазымды тұлға тәртіптік, 368-і әкімшілік және 17-сі материалдық жауапкершілікке тартылған.

 

23 сотқа дейінгі тергеу басталған, оның 2-уі сыбайлас жемқорлық сипатындағы болса, қозғалған істердің 7-уі қылмыстық іс болып, олар бойынша 5 тұлға сотталған. Азаматтардан келіп түскен 26 талап-арыз қанағаттандырылған, олардың 6-уы мүліктік емес сипатта болса, 120 млн.теңге сомасын қамтыған мүліктік сипаттағы талап-арыздардың саны - 20 болған.

 

Прокурорлардың араласуы нәтижесінде мемлекеттік органдардың 190 заңсыз актісі жойылған және өзгертілген, 6690 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалып, прокурорлық қадағалау актілері бойынша 801 479 891 теңге сомасындағы экономикалық санкциялар қолданылған. Сонымен қатар мемлекет пайдасына 661 005 520 теңге көлеміндегі кіріс енгізілген.

 

Сыбайлас жемқорлыққа жол ашатын құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік органдардың 5 лауазымдық тұлғасы жауапқа тартылған.

 

Ең алдымен жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстардың күшейтілгені туралы атап өткен прокурорлар, жасалған 7 тексерістің нәтижесінде 2 жемқорлық бойынша іс қозғалғанын, оның бірі сотқа жолданған - қылмыстық іс болғанын, ол бойынша 1 тұлға сотталып, ал енді бірі – тергеу үстінде екеніне тоқталды.

 

Мысалға, Арнайы қамау орнын тексеру нәтижесі бойынша әкімшілік қамауға алынған Өзбекстан елінің азаматшасы Давлетованы зорлау фактісі бойыншаАрнайы қамау орнының бастығы аз.Ж-ның тарапынан лауазымын асыра пайдалану заң бұзушылығы анықталып, ҚР ҚК 361 бабының 1 - бөлімі бойынша жемқорлық қылмыстық іс қозғалып, аз.Ж. соттың үкімімен ҚР ҚК 361 бабының 1 - бөлімі бойынша 5 жылға сотталған.

 

- Мемлекеттік тапсырыс талаптарын сақтау бойынша «Ақтау қалалық білім бөлімі» ММ тексеру нәтижесінде білім бөлімінің бұрынғы басшылары тарапынан лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану, яғни 10 млн.теңгеден астам мемлекет қаржысын заңсыз аудару фактілері анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 361 бабының 1 бөлігімен жемқорлық қылмыстық іс қозғалып, ол қазір Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен тергелуде,-деп мәлімдеді қала прокурорының орынбасары.

 

Мемлекет қазынасына келтірілген шығынды қайтару бойынша қалалық прокуратура тарапынан 2015 жыл бойына 10 тексеру жүргізіліп, 18 прокурорлық ұсыну енгізілген, сомасы 361 млн.теңгені құраған 2 мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурстың күші жойылған. Сонымен қатар прокурорлық тексеріс актілері бойынша мемлекет қазынасына 661 млн.теңге қаржы қайтарылып, тиімсіз жұмсалғалы тұрған 618 млн.теңге қаржы бюджетте қалдырылған.

 

Бұған қосымша қалалық прокуратураның тексеруімен заңсыз жалақы төлеу арқылы бюджет қаражатын қымқыру фактілері 5 мектеп бойынша анықталып, 81 730 757 теңге сомасындағы қаржы мемлекетке қайтарылған және 5 қылмыстық іс сотқа жолдануымен, сот үкімімен 5 тұлға сотталып, мемлекет бюджетіне олардан 14 528 565 теңге қаржы өндірілген.

 

Сондай-ақ Ақтау қалалық әкімшілігінде қала бюджетін қалыптастыру барысында тиімсіз пайдаланылғалы тұрған 618 млн.тенге қаржының талан-таражға салынуының алдын-алу шарасы қолға алынып, прокурор талабымен экономикалық сот шешімімен қаладағы №5 және №6 бағыттағы автобус көліктерінің қызмет көрсету құқығына арналған конкурс пен облыс орталығын көгалдандыру жұмыстарына арналған мемлекеттік тапсырысқа бағытталған 361 млн.теңге сомасындағы конкурстың күші жойылған.

 

Ақтау қалалық прокуратурасының жасөспірімдердің құқығын қорғау жөніндегі жедел тобының араласуымен №6 орта мектеп оқушыларының ата-аналарынан әр бала үшін 7000 мың теңге көлемінде мектепке ақша жинау фактісі және «Балалар өнер мектебі» МҚКК-де мүгедек балаларға жағдай жасалмауына байланысты заңбұзушылықтар жойылды.

 

Қалалық прокуратураның ұйғарымы бойынша 6018 бала оқытылып отырған, антисанитариялық жағдайда тұрған «Оқушы» орталығы ғимаратының материалдық-техникалық базасын жақсарту және күрделі жөндеу жүргізуге арналған ЖСҚ жасақтау үшін бюджеттен 1 млн.500 теңге қаржының бөлінуіне ықпал етілді.

 

Аталған фактілер қалалық прокуратура тарапынан өткен 2015 жылы атқарылған қыруар жұмыстың бір парасы ғана.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему