Төл мерекеге орай аймақтың денсаулық сақшылары марапатталды
Курс валют в Актау
на 05/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
5 Мая, 07:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Төл мерекеге орай аймақтың денсаулық сақшылары марапатталды

15 Июня 2014 (08:25) | 5411 | Автор: Редакция

 

Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының концерт залында жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды.

 

80-ге жуық ақ желеңді абзал жандардың өңірдегі халық денсаулығын нығайту жолында атқарған адал еңбектері еленіп, олар ҚР Денсаулық сақтау министрінің облыс әкімінің, аймақтың денсаулық сақтау басқармасының, Ақтау қалалық әкімдігінің Құрмет грамоталары, Алғыс хаттарымен марапатталды және ҚР денсаулық сақтау үздігі деген жоғары атақты иеленді.

 

Мерекелік кеште жиылғандар адам жанының арашасы-дәрігерлер қауымының күнделікті қарбаласқа толы қызметін суреттейтін бейнефильмді тамашалады.

 

Өзінің өмірі мен қызметін халық денсаулығын сақтауға арнаған ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрғазиева Бану Ғаниқызы қызу құттықтап, адал еңбектерімен көзге түскен бірқатар медицина қызметкерлерін, атап айтқанда Маңғыстау облыстық медициналық колледжінің директоры Тұрарбеков Төлебекті, Ақтау қалалық №1 емхананың терапевт-дәрігері Аскарова Узилхан Аскарқызын, облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің фтизиатрі Исакулов Жантұрған Хисметоллаұлын, Жаңаөзен қалалық емханасының маммолог-дәрігері Умирбаева Халимаш Бишебекқызын, Жаңаөзен қалалық балалар емханасы-бас дәрігері Самаликова Нина Разжанқызын,      Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы жедел жәрдем дәрігері Шудабаев Маулен Сансызбайұлын және тағы басқа бір топ дәрігерлерді облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бектубаев Руслан Фаризунұлы аймақтың денсаулық сақтау саласын дамытуға сіңірген ұзақ жылғы адал еңбегі және қосқан зор үлестері үшін бірнеше медицина қызметкеріне ҚР Денсаулық сақтау Министрінің наградаларын табыстады және халық денсаулығын нығайту ісіндегі қалтқысыз қызметтері үшін барлық дәрігерлер қауымына алғысын білдірді.

 

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталғандар қатарында Маңғыстау облыстық ауруханасының уролог-дәрігері Абдуллаев Кеңесбай Піржанұлы, Қарақия аудандық орталық ауруханасының дерматовенерологы Умбеталина Салтанат Шайзаратқызы, Ақтау қалалық №2 емханасы әйелдерге кеңес беру бөлімінің УЗИ дәрігері Сыдықова Аққаным Қалдауқызы, Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының акушер-гинкологы Балжігітова Ғалия Құдайбергенқызы және Маңғыстау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист дәрігері Кадыргалиева Гүлбадан Ғапуқызы бар.

 

 

«ҚР Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен келесі медицина қызметкерлері марапатталды: Тұманбаева Галина Кемелқызы-Ақтау қалалық балалар емханасының бас дәрігері және Төралиев Сағыныш Көшербайұлы-«Интертич» медицина орталығының Маңғыстау филиалы бас директорының орынбасары, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, Құдиярова Мейрамкүл Жәмішқызы-«Қасиет» медицина орталығының директоры, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты.

 

Өңірдің медицина саласын дамыту жолында аянбай тер төккен ардагер-дәрігерлер де назардан тыс қалдырылған жоқ. Оларға жоғары сый-құрмет көрсетіліп, облыстың медицина қызметкерлерінің Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Кузанов Сабит Шугаипұлы біраз дәрігерлерді ҚР Ардагерлер Ассоциациясының атынан медицинаның негізін қалаушы Николай Иванович Пирогов атындағы медальмен марапаттады және қаржылай сыйлықтарды тапсырды.

 

Жоғары марапатқа ие болған ардагер-дәрігерлер қатарында Маңғыстау облыстық ауруханасы-хирургі Бегаришев Хадреддин Куанышұлы, Маңғыстау облыстық ауруханасы кардиологы Шопан Масат Бесбатырұлы, Ақтау қалалық №1 емханасының акушер-гинекологы Малышева Наталья Владимировна, Ақтау қалалық балалар емханасының педиатр дәрігері Тулетова Утеугали Шайхыисламқызы және тағы басқалары бар.

 

Дәрігерлер қауымы өздерінің өнерден де құр алақан еместігін дәлелдеп, салтанатты жиынға қатысушы меймандар мен өз әріптестеріне арнап тамылжыта ән салып, домбырада күмбірлете күй тартып, кештің ажарын аша түсті.

 

 

Сонымен қатар, медицина қызметкерлерін «Нұр Отан» ХДП өкілдері партияның «Алғыс хатымен» марапаттады.

Мұнайлы ауданы әкімшілігі «Басқұдық» БМСҰ аға дәрігері Баймбетова Зияда Нәдірқызына пәтер кілтін тапсырды.

Салтанатты жиын кезінде «Үздік емдеу-сауықтыру мекемесі» аталымында жеңіске жеткен 2014 жылдың «Үздік мекеме» жеңімпаздарына сыйлық-теледидар және дипломдар табысталды.

«Үздік аурухана» номинациясы бойынша жеңімпаз болып «Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы» танылды.

«Үздік аудандық аурухана» номинациясы бойынша жеңімпаз болып-Мұнайлы аудандық орталық ауруханасы атанды.

«Үздік емхана» аталымы бойынша жеңімпаз болып Мұнайлы аудандық емханасына қарасты «Манғыстау-5» БСМҰ танылды.

«Үздік диспансер» номинациясы бойынша-облыстық психо-неврологиялық диспансері жеңіске жетті.

«Үздік медициналық орталық» аталымы бойынша марапат облыстық салауатты өмір салтын қалыптастырупроблемалары орталығының директоры Джайылханова Амангүл Абдығалиқызына табысталды.

«Үздік пациент» номинациясы бойынша жеңімпаз болып Ақтау қаласы, 13 ш/а тұрғыны, 2 топтағы мүгедек, «Жүректің ишемиялық ауруы. Стенокардия, Артериялық гипертензия. 4 қауіпті топ» диагнозымен, Ақтау қалалық №1 емханасында диспансерлік бақылау есебінде тұратын азамат Сисенов Бектас Амантұрұлы танылды.

 

Салауатты өмір салтын ұстанып, спортты жандарына серік еткен дәрігерлер қауымы 10 жылдан бері облысымызда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан медицина қызметкерлерінің облыстық спартакиадасына белсене қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Сол сайыстарда жүлделі орындарды иеленген шағын-футболдан-Маңғыстау аудандық құрама командасы; ерлер арасындағы волейболдан - Жаңаөзен қаласының құрама командасы; әйелдер арасындағы волейболдан - Ақтау қаласының құрама командасы қомақты ақшалай сыйлықпен марапатталды. Марапат команда капитандарына табыс етілді.

 

Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Оларды “ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашашысы” деп жатамыз. Қалай атасақ та артықтық етпейді. Дәрігерді ұлықтау, құрметтеу – әр пенденің азаматтық борышы. Ауырсақ, сырқаттансақ бірден осы адамдарға жүгіреміз. Алдына барған бізге мейірім төге қарап, емдеп, ақыл-кеңестерін береді. Күн демей, түн демей қажет кезде жанымыздан табылады.

 

Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен жылы алақандарын сезінеді. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үзіле жаздаған үмітіміз жалғанып, сыздаған балтырымыз бен ауырған басымыздың азабынан арыламыз.

 

Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық. Бүгінгі күн құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі, адам жанының арашасы болған сүйікті дәрігерлеріміздің төл мерекесі.

 

 

“Медицина кәсібі-адамгершіліктің асылы” сондықтан барлық медицина қызметкерлеріне баянды бақыт, еңбекте табыс, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына құт-береке тілейміз. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, абзал жандар!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему