«Әкелікті сотпен тану, кәмелетке толмаған балаға және жұбайына алимент өндіру туралы істердің сотпен қаралуы» туралы
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 14:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Әкелікті сотпен тану, кәмелетке толмаған балаға және жұбайына алимент өндіру туралы істердің сотпен қаралуы» туралы

12 Апреля 2018 (15:37) | 6853 | Автор: Нурганым Имашева

Әке болуды анықтау, нәпақы өндіру, баланың тұратын жері, ата - аналық құқықтарды жүзеге асыру туралы, бала тәрбиесіне қатысты барлық мәселелер сотпен қаралатыны бәрімізге айқын. Бұндай балаға қатысты даулы мәселелерді қараған кездерінде істі қараушы судья, әрине, процессуалдық заң нормаларымен қатар материалдық заң нормаларын қолданады.

 

 

Сот арқылы кінәлі ата-ана балалары кәмелет жасқа жеткенше алимент төлеуге міндетті. Қалыптасқан нормаға сәйкес, алимент мөлшері мынандай: бір балаға ата-анасы табысының және өзге де кірісінің төрттен бір бөлігін, екі балаға үштен бір бөлігін, үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады. Алимент сот шешімімен (алимент төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алимент төлеудің ерікті тәртібі) төленеді. Сот, сондай-ақ, тараптардың материалдық, отбасылық немесе өзге де көңіл бөлуге тұратын жайттарын ескере отырып, бұл үлестердің мөлшерін көбейте немесе азайта алады.

 

ҚР АІЖК-нің 237-бабының 1-бөліміне сәйкес, алимент өндіру туралы сот шешімі дереу орындалуға жатады.

 

Егер алимент бойынша берешегі болып, борышкер оны төлеуден жалтарған жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 353-бабына сай бережақ сомасына өсімақы қосылады. Өз баласына алимент төлеудің орнына жұмыссыздығын айтып, жалтарып жүрген азаматтар ҚР ҚК-нің 136-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

 

Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 48 бабының талабы бойынша бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) ата-аналардан бала туған жағдайда және ата-аналарының бiрлескен өтініші немесе баланың әкесiнiң өтініші болмаған кезде баланың нақты адамнан туу тегi (әкесі) ата-аналарының бiреуiнiң, бала қорғаншысының немесе қамқоршысының өтініші бойынша немесе баланы асырап отырған адамның өтініші бойынша, сондай-ақ бала кәмелетке толған соң оның өз өтініші бойынша сот тәртiбiмен анықталады.

 

Сот тәжірибесінде сотқа әкелікті сотпен тану, кәмелет жасқа толмаған балаға және жұбайына алимент өндіру туралы істерге нақты тоқталып өткенді жөн санап отырмын.  

 

Талапкер С. сотқа әкелікті тану және алимент өндіру туралы талап арызбен жүгіне отырып төмендегіні көрсетті: ол жауапкермен 2009 жылдан бері азаматтық некеде болды. Некеден 2010 жылдың 12 сәуірінде Ж. есімді балалары туды. Үйлену тойы да болған, алайда әр-түрлі жағдайлармен некелерін қия алмады. Баланың туу туралы куәлігін алған кезде ол өз атына жазылды, ал жауапкер баланың әкесі ретінде жазылу туралы ниет білдірмеді. Мінез-құлықтары жараспай ол 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап баламен бөлек тұрады. Жауапкер әкелік қамқор көрсетіп отырған жоқ. Сондықтан, жауапкер П-ны. әкесі деп танып, одан алимент өндіруді сұраған.

 

Соттың шешімі бойынша  С.-ның жауапкер П. әкелікті анықтау және алимент өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.

 

П. азамат С-ның пайдасына кәмелетке толмаған 12 сәуір 2010 жылы туған  Ж. ұлын асырап бағу үшін ай сайын жалақысынан және басқа да кірісінің ¼ мөлшерінде алимент бала 18 жасқа жеткенше, 08 қазан 2013 жылдан бастап өндіру жөнінде шешім шығарылды.

 

Талапкер С. деген азаматша сотқа арыз беріп, жауапкермен 2011 жылдың мамыр айында заңды некеге тұрғанын, 2011 жылы туған баласы барын, жауапкермен заңды некелері 11 тамыз 2012 жылы бұзылғанын.

 

Сот бұйрығымен баласын асырауына борышкердің табысынан және өзге де кірісінен ¼ мөлшерде алимент өндірілгенін, борышкер толық және уақытында төлемейтінін, бала күтіміне байланысты жұмыс жасамайтынын айтып, өзін асырау үшін жауапкер Л. деген азаматтан 10 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.

 

Сот мәжілісінде жауапкер Л. талапты мойындамай, тиесілі алимент мөлшерін төлеп отырғанын, жалақы мөлшері 66000 теңге көлемінде екенін, ай сайын несие төлемдер жасап отырғанын, үйінде өз жалақысынан басқа табыс көзі жоқ екенін айтып көрсетті.

 

Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, Л. деген азаматтан С. деген азаматшаның пайдасына, 2011 жылы туған баласы үш жасқа толғанша 01 қазан 2013 жылдан бастап 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндірілді.  Сот шешімі заңды күшіне енген.

 

Ақтау қаласының №2 сотының

жетекші маманы А.Ахметов

 

Суреттер findhow.org сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему