Маңғыстау гарнизоныныңөрт сөндірушілері шағын футболдан өзара сайысты
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 15:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау гарнизоныныңөрт сөндірушілері шағын футболдан өзара сайысты

25 Декабря 2017 (20:11) | 1703 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін Ақтау қаласы  «Жас қанат» спорт кешенінде  Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің»өрт сөндіру бөлімдерінің командалары арасында шағын футбол бойынша облыстық жарыс өтті.

 

 

Турнирге қатысушыәуесқой спортшылар төтенше жағдайлармен күн сайын күресумен қатар спорттық алаңдарда қызметкерлер арасында командалық және жеке жеңістер үшін күресулер жүргізеді. Ойын барысында  әріптестер өзара қарсылас болып саналды.

 

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты«Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Әмірұлы Мауленов өз сөзінде:«Кез-келген ойында қарсыластық жоғары болғандықтан турнирдегі жеңіс өрт сөндіруші қызметкерлерді спортпен айналысуға ынталандырады. Себебі біздің жұмысымыз жауапты қызмет сондықтан өрт сөндірушілерді дене тәрбиесі үнемі қажеттілікті талап етеді»,-деп атап өтті.

 

 

Турнирге барлығы 12 команда қатысып, олардың әрқайсысы бес ойыншыдан, оның ішінде бір қақпашыдан тұрды. Ойындар әрқайсысы15 минутты құраған2 таймнан  құралды.

 

Жалпы алғанда, барлық командалар өздерінің ынта-жігерін көрсетіп, жеңіске деген талпыныстарын танытты.

 

 

Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды №12 Өрт сөндіру бөлімі командасы, екінші орынды Жаңаөзен қаласындағы №13 Мамандырылған өрт сөндіру бөлімі, ал үшінші орынды № 3 Өрт сөндіру бөлімі иеленді.

 

Ойыншылар тек қана жақсы физикалық тұрғыда ғана емес екендіктерін байқатып, сонымен қатар өрт сөндірушілер үшін өте маңызды өздерінің іс-әрекеттерін есептеу мүмкіндігін де көрсетті. Аталғанспорттық іс-шара командаларғафизикалық және моральдық рух берді.

 

Жүлделі орын алған командалар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің«Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

 

Суреттерді түсірген: Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему