Әскери-теңіз флотында қызмет ететін бойжеткен
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 08:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әскери-теңіз флотында қызмет ететін бойжеткен

3 Мая 2017 (17:57) | 2985 | Автор: Мира Ботабекова

 

Қазақстан әскери теңіз күштерінің құрамында қос бұрымды қызмет етеді. Бірі - осыған дейін елімізде жалғыз теңізші қыз атанған Жанар Ыбраева. Жақында қатарға 22 жастағы Дарья Кириченко қосылды. Ол жуырда ғана Оралдағы «Зенит» зауытынан шыққан «Маңғыстау» жауынгерлік кемесінде қызмет ететін болады. Дарья Кириченко қазір арнайы дайындықтан өтіп жатыр.

Жиырма екі жастағы Дарья Кириченконың негізгі мамандығы экономист. Қазақстанның әскери теңіз күштерінің қатарына үш айлық әскери курстан кейін кіші корабль маманы болып қабылданған. Сынақтан сүрінбеген теңізші қыз кеме жалаушаларымен белгі беруді шебер меңгерді. Қызметі - арнайы операциялар кезінде өзге корабльдерден берілетін ақпаратты санаулы секундта анықтап, командирге жеткізу.

Дарьяның әскери теңіз флотында қызмет атқарып жүргеніне жарты жылдан асты. Өз міндетін тиянақты орындайтын бойжеткен ашық теңіздегі алғашқы күнін күлкімен еске алады. «Орал» зымыранды-артиллериялық кораблінің байланысшы-технигі Дарьяны кеме экипажы ер-азаматпен тең сыйлайды.

Дарья Кириченко, «Орал» зымыранды-артиллериялық кораблінің байланысшы-технигі:

-Әскери қызметшілер отбасында туып-өстім. Теңізші формасын кию бала жастан арманым. Тілегім орындалып, жауынгерлік кемеге қабылдандым. Экипаж ер-азаматтардан тұрады. Әрине, теңізде қызмет ету қыз балаға оңай емес. Дегенмен әскери өмірдің тәртібі барлығымызға бірдей.

Жауынгерлік кемеде тәртіп қатал. Дарья кораблдің ішкі және сыртқы байланысын қамтамасыз етуден бөлек, әскери форма тазалығына өзге теңізшілердей жауапты қарайды.

Дарья Кириченко, «Орал» зымыранды-артиллериялық кораблінің байланысшы-технигі:

-Кемедегі әйелге қажет бірден-бір мүлік каюта ішіне ілінген айна. Косметикалық бұйымдарды қолдануға қатаң тыйым салынған.

ТМД елдері бойынша жалғыз теңізші қыз атанған Жанар Ыбраева да осы кемеде байланысшы қызметін атқарыпты. Бүгінде ол «Қазақстан» кораблінде еңбек етеді. Өзі сияқты теңізші құрбысының орнын басқан Дарьяны кеме экипажы жатырқамады.

Сұлтан Бимағамбетов, кеме аспазы:

-Дарья кемедегі жалғыз қыз болған соң мереке күндері тосынсый жасап тұрамыз. Мысалы, 8 наурызда үзбе қамыр илеп, борщ пісірдім. Өйткені оның ұлты украин. Жорық кезінде ірімшік қосылған тәтті тағамдар әзірлеп, көңілін көтеруге тырысамыз.

«Орал» кемесінде кәсіби біліктілігін шыңдаған бойжеткен жақын күндері су жаңа корабльге ауысады. Өз сыныбында флагман саналатын жауынгерлік су көлігінде әскери қызмет атқаратынын мақтаныш санайды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему