Жас мамандар арасында «Маңғыстау ханшайымын» анықтайтын сайыс өтеді
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 14:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жас мамандар арасында «Маңғыстау ханшайымын» анықтайтын сайыс өтеді

30 Апреля 2017 (09:50) | 2528 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Өңірде тұңғыш облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас мамандар арасында «Маңғыстау ханшайымы-2017» байқауы өтеді деп күтілуде. 21-29 жас аралығындағы арулар қатысатын сұлулық байқауы 3 мамыр күні «Абай» мәдени-демалыс кешенінде өтеді деп жоспарланған.

Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Гүлмира Бурxандинова:

-Байқау шартына сай, сынға қазақ тілін жетік меңгерген, сымбаты мен сұлулығы келіскен, білімді, өнерлі әрі бұрымды арулар қатысады. Басты мақсат-әр салада жұмыс істейтін дарынды аруларды анықтау, шеберлігін шыңдау. Сондай-ақ жастарды рухани, кәсіби жағынан дамыту, қазағымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпын насихаттау.

Жалпы байқауға қатысуға 14 ару өтініш білдірді. Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен олардың арасынан 7 үміткер іріктеліп, байқауға қатысуға жолдама алды.

Талап бойынша, байқауға қатысушы қазақтың ұлттық киімімен және мекеменің логотипі бейнеленген арнайы киімдерімен өнер көрсететін болады. Облыста алғаш рет жас мамандар арасында өткізілетін байқауды тамашалауға және қолдау көрсетуге баршаңызды шақырамыз. Байқау 3 мамыр күні «Абай» мәдени-демалыс кешенінде сағат 18:00 өтеді. Кешті тамашалау тегін,-деді. Орталық директоры өткен жылы жас мамандар арасында алғаш рет «Жігіт сұлтаны» өткізілгенін атап өтті.

Сұлулық байқауына қатысушылардың қатарында мұнай, медицина салаларында, пошта қызметінде еңбек ететін арулар бар. Олар байқау шартына орай таныстыру, өз өнерін көрсету бойынша сынға түседі. Одан бөлек қолөнерден ісмерліктерін танытып, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпына қатысты қойылатын сауалдарға жауап беріп, білім деңгейлерін байқатады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему