Тимур Бектұр: «Ағылшын тілін тегін үйретеміз»
Курс валют в Актау
на 13/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
13 Мая, 07:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тимур Бектұр: «Ағылшын тілін тегін үйретеміз»

12 Апреля 2017 (17:37) | 6643 | Автор: Мира Ботабекова

«Тимур Академия» офлайн-онлайн оқыту орталығын құрушы және басшысы Тимур Бектұрмен сұхбат

 

 

-«Timur academy» жобасын кім құрды, қашан құрылды, қандай мақсатта құрылды?

-«Тимур академия» оқыту орталығын мен бастап, жанымдағы идеялас әріптестерім қолдап, ортақ шешіммен құрдық. Бұл негізі менің бірнеше жылдан бергі жасап жүрген жұмыстарымның заңды және логикалық жалғасы іспетті. Яғни, бұл оқу орталығын құрмай тұрып та мен әр жерде, әр өңірде, әр облыста бизнес бастауға, әлеуметтік желілерді тиімді қолдануға, блоггинг, тайм менеджмент, сайт жасауға қатысты түрлі саладағы тренингтерді үнемі өткізіп жүрген болатынмын. Көпшілігін, басым көпшілігін тегін жүргізіп жүрдім. Содан бір күні, «Ақыры жасап жүрген жұмысым осы болса, егер бұл жұмыс қоғамға, ортамызға пайдасын тигізер болса, онда неліктен жүйелі түрде жұмыс жасап, арнайы оқыту орталығын құрмасқа?» деген ойға келдік те, барлығымыз бірігіп осы жобаны қолға алдық. Былтыр, яғни 2016 жылдың тамыз айында сол кездегі ҚР Премьер-министрі мен ҚР Білім және ғылым министрі біздің өңірге ресми іссапарға келген болатын. Біздің оқыту орталығы сол кісілердің еліміздегі бірден-бір ерекше орталық – «Жастар үйіне» қонаққа келуінен ашылып бастады. Бірден-бір дейтін себебім, өзге облыстың ешбірінде осыған дейін біздің облыстағыдай арнайы жастар орталығы, арнайы ғимарат болған емес. Бұл - біздің өлкедегі жастарға бөлінген көңілдің дұрыстығы деуге болады. Мақсатымыз: жастардың, соның ішінде қазақ жастарының ғылым мен білімдегі потенциалын арттыру. Мына дамыған және талапшыл заманда олардың бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету.

-Жаңа форматтағы Коворкинг орталықтың көздегені?

-Көздегеніміз - жастардың қазіргі технологияларды еркін меңгергені, олардың халықаралық ағылшын тілінде еркін сөйлеуі, олардың жұмыссыздар армиясының сапын емес кәсіпкерлердің сапын толтыруы және кітап оқып, ел-жұртқа пайдасын тигізгені. Біздің орталықта осыған күш саламыз. Сол себепті де ағылшын клубтары, кітап алмасу шаралары, түрлі мастер-кластар мен семинар-тренингтер өткізіп тұрамыз. Оның барлығы, әрине, тегін. Ешқандай ақысыз.

-Жоба аясында ауқымды оқу-ағарту жұмыстары жүргізіліп жатыр екен, қандай бағыттарда? Осыған тоқталып кетсеңіз...

-Біздің басым бағытымыз да сол - оқу-ағарту. Әсіресе, ағылшын тілі мен халықаралық IELTS емтиханына дайындық курсы. Одан кейін осы заманның нағыз тренді болып тұрған робототехника курстары мен әрбір бизнес, кәсіп, мекеме иелері үшін маңызды бухгалтерлік есеп негіздері курстары. Бұл аталған курстардың барлығы қазіргі таңда біздің оқыту орталығында беріліп жатыр, өтіп жатыр. Қазіргі таңда бұдан да басқа маңызды және пайдалы курстар жасақталып, соларды жолға қою жұмыстары жүріп жатыр.

-Онлайн режимде де білім беріледі деп естідім

-Иә, егер назар салсаңыз, біздің оқыту орталығы «офлайн-онлайн оқыту орталығы» деп аталады. Яғни, офлайн білім беруді жолға қоя отырып, онлайн дәріс беруге көшпекшіміз. Қазіргі таңда ол қадамның барлық алғышарттары орындалып, аяқталуға даяр. Жақын уақытта ашылатын www.timur.academy сайты арқылы әрбір қазақ жасы, әрбір

қазақстандық біздің орталықтың курстары мен тренингтеріне оңай қол жеткізе алатын болады.

-Оқу-ағарту курстарына қатысушылардың жас шамасына шектеу қойылған ба?

-Негізі, «Оқимын», «Білгім келеді», «Үйренгім келеді» деп құлшыныс танытқан әрбір адамның кеудесінен итермейміз. Дегенмен, негізінен біз өзіміздің аудиториямыз ретінде 14-35 жас аралығындағы жастарға ден қойып отырмыз. Неліктен, өйткені, қысқа мерзімді кәсіптік және мамандандырылған курстардың қазақша нұсқасын біздің орталықтан басқа ешбір жерде оқытпайды. Бұл, бір жағынан, біздің мемлекеттік тілдің дамуына, жандануына қосып отырған үлесіміз десек те болады. Ал біз оқытып жатқан курстар, негізінен, жастарға қажет. Олардың тұрақты дамуы, бәсекеге қабілетті жұмысқа ие болуы, әлемдегі жоғары оқу орындарына емін-еркін түсуі үшін қажет.

-Оқу ақысы қанша?

-Дәл қазіргі таңда біздің оқыту орталығындағы курстардың оқу ақысы - 0 теңге. Яғни тегін. Осы жерде көпшіліктің көкейінде сұрақ туындайды. «Осынша қыруар жұмыс қалайша тегін атқарылып, мына курстардың барлығы қалайша тегін өткізіліп жатыр?» деген. Осы жерде қысқаша ғана айтып өтейін, біздің жобамыздың өзектілігі мен маңыздылығына қызыққан және ерекше мән берген – «Самұрық-Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды қолдау қоры екендігін айтпай кетуге болмайды. Тіпті, осы орайды пайдалана отырып, аталған қорға біздің оқыту орталығында тегін оқып, дәріс алып жатқан барша қазақ жастарының атынан ерекше алғыс білдіргім келеді. Бұл қордың негізгі мақсаты - әр өңірдегі, әр облыстағы біздің жоба секілді әлеуметтік жобаларды қолдау арқылы, қоғам дамуына ат салысу.

-«Timur academy» шет мемлекеттердегі ЖОО оқуға түсуге жол көрсетеді, дейді. Осы жайында айтсаңыз

-Бұл - біздің қазіргі таңда әлі де жоспарлап жатқан бағыттарымыздың бірі. Негізінде, қазақ жастарының сұрағы көп. Әсіресе, шет елге оқуға түсікіс келетіндердің сұрақтарында есеп жоқ. Ағылшын тілін қалай үйренуге болады, IELTS дегеніміз не, оны қалай тапсыруға болады, содан кейін шет елдегі үздік оқу орындарын қалай таңдаймыз, қандай мамандыққа тапсыруға болады, қалай тапсыруға болады, т.с.с. көптеген сұрақтар бар. Біз өз кезегімізде осы сұрақтарға егжей-тегжейлі, ең бастысы мемлекеттік тілде жауап бере отырып, облыс жастарының сұранысын қанағаттандырғымыз келеді.

-Құрылғалы бері қандай нәтижеге қол жеткізіп үлгердіңіздер?

-Құрылғалы бері жарты жыл өтті. Сондықтан, анау айтқан нәтиже туралы айта қою өте ерте. Дегенмен, «Гиктерге арналған Давос» деп аталып кеткен халықаралық WebSummit 2017 шарасына шақырту алып, Португалияның Лиссабон қаласында өзіміздің «Тимур Академия» оқыту орталығының жобасын таныстырып қайттық. Әлемнің барлық елінен келген стартап иелерімен қатар тұрып, Қазақстанның бір жобасы ретінде көріне білдік. Содан кейін осыған дейінгі Маңғыстау өңірінің басшысы Алик Айдарбаева мырзаның өз қолынан «Үздік жоба» ретінде «Жыл адамы» атағын алдық. Ал сандық-сапалық нәтижеге келетін болсақ, осыған дейін офлайн түрде 200-ге жуық, онлайн түрде 20000-ға жуық қазақ жасына өз дәрістерімізді беріп үлгердік.

-Алдағы мақсаттар жөнінде?

-Алға қойған мақсатымыз көп. Бірақ оның барлығын айта беру - әлі ерте. Оның үстіне, «жоспарды жалпақ жұртқа жарияласаң, орындалмай қалады» дегенге сенетін адаммын. Қысқаша айтқанда, қазіргі жасап жатқан жұмыстарымызды жандандыра түсіру, қанатымызды кеңейту, облысымыздың өзге де аудандары мен еліміздің басқа да

облыстарынан өз бөлімшелерімізді ашу, курстарымыз бен тренингтеріміздің санын арттыру. Сондықтан, бізге сәттілік тілеп қойыңыздар.

-Қазақ жастарының болашағына жол сілтейтін жобаларыңыз жемісті болсын!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Айнур, 13 Апреля 2017 (09:20)
1 0
Адрес қандай? Ақтауда ма?
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему