Сиыр дауына нүкте қойылды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 21:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сиыр дауына нүкте қойылды

7 Ноября 2016 (18:25) | 5196 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түпқараған аудандық сотына талапкер Н. ҚР Азаматтық кодексінің 260-бабына сәйкес, яғни, меншік иесі өзгенің заңсыз иеленуінен өз мүлкін талап етуге құқылы болғандықтан, жауапкер К-дан бір бас сиыр малын өзіне қайтарып беру туралы талап арызбен жүгінген.

 

Даулы сиыр малы тараптардың қайсысына тиісті екенін анықтау мақсатында олардың тұрғылықты жері Түпқараған ауданы Қызыл-өзен селосына барып, жоғары білімді зоотехник пен мал дәрігері мамандарының қатысуымен көшпелі сот мәжілісі өткізілген.

 

Сот отырысы барысында талапкер Н. жауапкерден бір бас сиырын қайтарып ала алмай отырғанын айтады. Күнде таңертең жайлауға шығарып, кешке айдап келетін Н. бір күні сиырын таппай қалады. Іздеп жүріп сиырының К-ның қорасында тұрғанын көріп, қайтаруын сұрағанда, соңғы ол өзінің малы екенін айтып, бермей қояды.

 

Басты сот талқылауында талапкер мен жауапкердің мал ұстайтын қораларында тұрған басқа малдарына қарау жүргізіліп, малдардың ендеріне салыстыру жүргізілген. Жауапкердің қорасындағы басқа малдардың ен-таңбаларына даулы сиырдың ені ұқсамайтыны, ал  керісінше талапкердің қорасындағы басқа малдардың ен-таңбаларына даулы сиырдың ені ұқсайтыны анықталған. Жауапкер мұнысын қорасындағы малдарын балаларына бөлу үшін ыңғайлы етіп үш түрлі ен салуымен түсіндіріп, даулы сиырдың өзінікі екенін айтады.

 

Айта кету керек, біздің елімізде бұзау мен оның енесінің қаны арқылы сараптама жүргізетін зертханалық орталық жоқ болғандықтан, мал дауы оның ен таңбасымен шешіледі. Осы орайда бірінші саты соты «Өмірлік тәжірибеде бір үйдің малына тек қана бір түрлі ен-таңба салынып келген», - деп, жауапкердің үйіндегі даулы сиырдан басқа малдардың ен-таңбалары басқаша болғандықтан, даулы сиыр - талапкердің сиыры деп тұжырымдап, талапкер Н-ның талап арызын қанағаттандырған.

 

Сот шешіміне апелляциялық шағым келтірген жауапкер К. даулы болып отырған сиыр өзінікі екенін, оған дәлел ретінде сиырына екі жыл бұрын ен салған кезде сиырдың құлағынан кесіп алынған құлақ кесіндісін сақтап отырғанын, бұл жөнінде өзі бірінші сатыдағы сотта айтқанымен, алайда,  сотқа құлақ кесіндісін сол кезде таба алмай қалып, әкеле алмағанын, қазіргі кезде оны тауып, алқа отырысында әкеліп көрсетуіне байланысты сиыр малын өзіне қайтаруды сұрады.

 

Аппелляциялық сот алқасында Түпқараған ауданы, Таушық мал дәрігерлік бөлім меңгерушісі, ветеринар С-ның  жасаған қорытындысына сай, жауапкер К-ның қолындағы айғақтық зат - мал құлағының кесіндісі даулы сиыр малының құлағына салынған ен кесілген бөлігімен және түсімен сәйкес келетіні анықталған.

 

Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының шешімімен Түпқараған аудандық сотының Н-ға қатысты шешімінің күші жойылып, жауапкер К-ның апелляциялық шағымы қанағаттандырылды.

 

Сөйтіп сот шешімімен сиыр өз иесіне қайтарылды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему