«Құлалы» аралында тұратын адам
Курс валют в Актау
на 12/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
12 Мая, 18:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Құлалы» аралында тұратын адам

9 Апреля 2017 (10:22) | 3176 | Автор: Мира Ботабекова

 

Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде итбалықтар мекені аталып кеткен бірнеше арал бар. Оның ең үлкені – Құлалы. «Құлалы» аралының ұзындығы 35 шақырымды, ал ені 5 шақырым. Ақтау қаласындағы жағалаудан 160 шақырым жерде жатыр. Жапанда жатқан аралда 52 жастағы ер адам тұрады.

 Петр Лупенковтың Құлалыда өмір сүріп жатқанына 23 жыл болыпты. Жамбыл облысының бұрынғы Луговой ауданында туып-өскен ол метеоролог мамандығы бойынша оқу орнын бітіріп, Бейнеуде еңбек етеді. Құлалы аралына бастапқыда теңіздегі ауа-райын зерттеу үшін уақытша келген екен. Мұндағы көркем табиғатты қатты ұнатқандықтан жас метеоролог аралда қалуды ұйғарады. Петр Иванович осы жылдар ішінде табиғатқа етене жақындай түсті. Қазір оны аралдағы аң-құстың бәрі таниды. Тіпті түз тағысы қасқырдың да тілін тапқан.

Петр Лупенков:

-Бірде серуендеп қайтайын деп, шығысқа қарай шыққам. Қарсы алдымнан 12 қасқыр шықты. Түз тағысымен алғаш рет бетпе-бет келуім. Мені көрді де қаз-қатар тізіліп отыра кетті. Шегінерге жол жоқ. Не де болса алға қарай адымдадым. Көзім көздеріне түйісті. Қорқынышымды сездірмеуге тырыстым. Ұзап кеткенімше қарады да тұрды. Тиіскен жоқ. Жыртқыштар сезімтал келеді. Негізінен қорыққан не айбат шеккен адамдарға шабады.

Оның жанына қала емес дала жақын. Сондықтан да қалаға көшуді ойламайды да. Қажетті заттарын өткен-кеткен кемелермен алдыртады. Екі бөлмелі үйі бар. Спутникпен теледидар қарап отыр.

Петр Лупенков:

-Шекарашылардың тікұшағымен немесе кемелерімен қалаға жылына бір барып келемін. Алайда у-шу ортадан, төрт қабырғадан тез серігесің. Қалаға бір күннен артық шыдай аламймын. Бала күнімнен таудың етегінде өстім. Табиғатқа жақын болдым. Жаным еркіндікті қалайды. Таза ауа, тылсым табиғат, мұнда өзімді аралдың қожайынындай сезінемін. Өміріме ризамын.

Петр Лупенковтың Каспийдегі теңізшілер үшін қызметі зор. Ол мұндағы ауа-райын зерттейді. Маңғыстау метеорологиялық стансасының «Құлалы» аралындағы өкілі. Әр үш сағат сайын су деңгейін, толқынның биіктігі мен желдің жылдамдығын бақылап, орталыққа хабарлап отырады. Бұл теңізде жүрген  кемелер мен балықшылардың қауіпсіздігі үшін аса қажет.

Аралда жағалау күзетінің техникалық-бақылау бекеті ашылған соң Петр Лупенков шекарашыларға да ерікті түрде қолұшын бере бастады.

Нұрхат Сегізбаев, ҚР ҚҰҚ «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасы «Құлалы» техникалық бақылау бекетінің басшысы:

 -Петр Иванович аралдағы жалғыз көршіміз. Ол кісімен бір үйдің баласындай араласып кеттік. Бұл маңды жақсы білетіндіктен бізге ақыл-кеңесін айтып,  жол көрсетіп отырады. Аралда ауыз су жоқ. Петр Лупенков шағын қондырғының көмегімен бізге теңіздің суын тұщытып, тазартып береді.

Перт Лупенков брконьерлермен күрес шараларына да белсене араласады. Моторлы қайығымен айналаны күніне бір шолып шығуды өз міндетіне айналдырған. Талай қаскөйлерді ұстауға атсалысыпты. Бұл үшін алған арнайы марапаттары мен медальдары да бар екен. Бастысы, ол бұл қызметтерді жүрек қалауымен атқарады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему