Жұқпалы аурулар ауруханасында Наурыз тойланды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 12:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жұқпалы аурулар ауруханасында Наурыз тойланды

19 Марта 2017 (20:27) | 1750 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Аузымызды аққа жарытып, көңілімізге қуаныш дарытқан – Наурыз мерекесі Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жоғары деңгейде аталып өтті. Аурухана ұжымы алты қанат ақ боз үй тігіп, айналасына алыстан-ақ шырай бергендей.

 

Салтанатты шараға Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Клара Оралбаева және бірқатар емдеу-сауықтыру мекемелерінің бас дәрігерлері қатысты. Құрметті қонақтарды ұжымның жасы үлкен аналары ақ кимешегін киіп, шашу шашып қарсы алса, жас келіндер иіліп сәлем салды.

 

Жұқпалы аурулар ауруханасының бөлімдері қазақы салт-дәстүрлерді дәріптеп, сырға салу, қыз ұзату, келін түсіру және бесікке салар рәсімдерін сахналады. «Ұлыс күні қазан толса, сол жылы ақ мол болар!» деп ырымдап, Наурыз-көже дайындалған. Сонымен қатар, бауырсақ пісіруден сайыс өткізілді.

 

* Мұндай шаралар Денсаулық сақтау басқармасына қарасты барлық ұжымдарда өткізілуде.

 

Біздің дәрігерлер бір жағадан – бас, бір жеңген – қол шығарып, мұндай мерекелерді айырықша атап өтеді. Әсіресе, тіршілікке жылулық сыйлап, жан берген – Наурыз мерекесінде жұмыстары қиын болса да, қоғамдық-мерекелік шараларды өткізуге дайын. Басқарма атынан барша қазақстандықтарды, маңғыстаулықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Біздің тілегіміз – елдің тыныштығы, жанның саулығы. Жыл берекелі де, мерекелі болғай! – деп, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. К. Оралбаева жылы лебізін білдірді.

 

Аурухана әкімшілігі өз жұмысын абыройлы атқарып жүрген, көп балалы және аз қамтылған отбасылы бірнеше қызметкеріне Ұлыстың ұлы күнінде қайырымдылық жасап, көмек табыстады. Осы мереке қарсаңында ауруханадан жақында ғана кішкентайымен емделіп шыққан жас ана дәрігерлерге арнайы келіп, алғысын білдірді.

 

* Ұжымымызбен өте қуаныштымыз. Наурыз мерекесі қарсаңында тілейтін тілек көп.

 

Маңғыстау өңірі айырықша қарсы алатын жыл басын осылайша, салт-дәстүрмен өскелең ұрпаққа дәріптеуіміз керек – деді, аурухананың бас дәрігері Қ. Діналиев.

 

Мерекелік шара өнерпаздардың ән-жырымен жалғасып, жас пен кәріге шаттық сыйлаған күн болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспаөз қызметі хабарлайды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему