Бейнеулik спортшылар халықаралық жарыстарда топ жарды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 18:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бейнеулik спортшылар халықаралық жарыстарда топ жарды

24 Августа 2021 (11:24) | 791 | Автор: Редакция

 

Ресей федерациясы Уфа қаласында UWW Грэпплингтен кадеттер мен жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Жарысқа Бейнеу ауданынан 3 спортшы қатысты. Бұл туралы спортшылардың бапкері Жеңіс Қайранов мәлім етті.

 

Әлем біріншілігінде Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Венгрия, Испания, Италия, Қырғызстан, Литва, Ресей, Филлипин, Хорватия, Қазақстан елінен барлығы 150-ге жуық спортшы қатысты. Спортшылар 16-17, 18-20 жас бойынша сынға түсті.

 

«Бұл әлем чемпионаты өте жоғары деңгейде өтті. Енді алдағы желтоқсан айында өтетін 2006-2007, 2008-2009 жылғы жастар арасында өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастап кеттік. Оған Маңғыстау облысынан 5 спортшы жолдама алды», - деді бапкер Жеңіс Қайранов.

 

Азамат Давлетумбетов грэпплингтен 16-17 жас аралығындағы қатысушылар арасында 50 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынды жеңіп алды. Ал 18-20 жас аралығында 62 келі салмақ дәрежесінде Бекзат Қапашов үшінші орын иеленді. Дәәл  осы жас аралығында 66 келі салмақ дәрежесінде Райыс Жеңісұлы екінші орынға ие болды.

 

БЕЙНЕУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему