Бітімгершіліктің кілті – медиация
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 14:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бітімгершіліктің кілті – медиация

2 Октября 2017 (18:06) | 2431 | Автор: Нурганым Имашева

 

Елімізде осыдан алты жыл бұрын қабылданған Медиация туралы Заңдағы медиация атауы естір құлаққа түрпідей тиіп, ұғымды әбден жатсынғанымыз рас.

Алайда, аталған ұғымның атауы өзгеше болғанмен, мәні мен мағынасы қазақ халқына жат болмай шықты. Бұл – біздің ата-бабаларымыздың бұрыннан бері ел ішінде жанжалдарды шешуде қолданып келе жатқан мәміле, мәмілелестіру деген ежелден елге таныс сөздерінің басқа тілдегі (латын) баламасы.

Осы орайда өткен тарих беттеріне көз жүгіртсек жеке адамдар арасындағы, тіпті бір қауым ел ішіндегі жер дауы, жесір дауы сияқты келелі тартыстардың барлығы билердің ұтқыр, әділдігімен, шешендігімен оң шешімін тауып отырғандығын көреміз.

Сондай-ақ, дала билігінің дара тұлғалары Төле, Қазыбек, Әйтекелер бастаған дана билеріміз ел арасындағы кез келген дау-дамайды бітімгершілік жолымен шешіп, тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтағандығын қалай ұмытамыз? Ендеше, бүгінгі қоғамның демократиялық жаңаруы қағидатына дәлме-дәл келетін медиацияның түп тамыры өзіміздің дана бабаларымыздан бастау алған десек артық айтпағанымыз.

Әлемдік тәжірибеге назар салсақ медиация ірі кәсіптерден бастап, неке-отбасы қатынастары мен дүниені бөлісуде, тіпті кейбір қылмыстық істерде де қолданылады.

Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 40% медиация рәсімінен өтеді, олардың 85 пайызында оң нәтижелерге қол жеткізілген.

Ал, елімізде аталған құқық саласының кенжелеуіне себеп көп. Біріншіден, медиацияның құқық қорғауда жаңа институт ретіңде қалыптасуы, екіншіден, бұл құқық саласында тәжірибенің жетіспеушілігі, үшіншіден, жарнама мен насихат жұмыстарының аздығы.

Алайда, «көш жүре түзеледі» демекші жыл сайын медиацияның ауқымы артып келеді. Әкімдіктерде, «Достық үйінде», сот ғимараттарында арнайы медиация кабинеттерінің ашылуы, бітімгер судьялардың жұмыс істеуі, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың санының артуы көңілге қуаныш ұялатады.

Маңғыстау облысы соттарында ағымдағы жылдың 8 айында барлығы 1037 іс медиациямен аяқталған. Оның ішінде қылмыстық іс 155, азаматтық іс 692, әкімшілік іс 190-ды құрады. Біздің қоғамда жиі орын алатын даулардың медиация негізінде шешілуі сот және судьялар үшін үлкен жеңілдік туғызары сөзсіз. Аталған заңның аясында тараптардың сот залынан қол алысып, татуласып шығуы екі жақ үшін де тиімді-ақ.

Қорыта айтқанда, «алдыңа келсе атаңның құнын кеш» демекші қос тараптың татуласып, бітімгершілік арқылы екі жақтың ортақ мәмілеге келуі - ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатырған ізгі дәстүр екендігін естен шығармағанымыз абзал.

Сондықтан, «Медиация туралы» Заң даудың бітімгершілік жолмен екі жаққа бірдей тиімді шешілуіне, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сот беделін одан әрі жоғарлатуына үлесін қоса берері анық.

Алтай Қонысов

Ақтау қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему