Мектеп жанынан жылыжай ашылды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 00:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мектеп жанынан жылыжай ашылды

12 Марта 2017 (17:34) | 2224 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау-4 ауылындағы № 11-ші мектептің енді өз жылыжайы бар. Биология, өзін-өзі тану, еңбекке баулу сабақтарының дені енді жылыжайда өтетін болды. Оқушылар түрлі өсімдіктерді баптап, бос уақытында күтіміне айналысады. Қазірдің өзінде аумағы 300 шаршы метр жерге қызанақ, қияр, құлпынай мен аскөктің тұқымы салынды.

 

Жылыжайға кіру жоғарғы сынып оқушыларына рұқсат етілген. Олар сабақтан тыс кезекшілікпен бақшаны суғаратын болады. Тұқым бой көтерген соң, түптеп, арам шқптен тазалау да міндеттеріне кіреді. Бұл Жасұлан Демегенов секілді биология пәніне қызығатын оқушылар үшін тиімді болды.

 

Жасұлан Демегенов, 11-ші сынып оқушысы:

-Біз осы жылыжай арқылы көптеген өсімдіктерді, жеміс-жидектерді білетін боламыз.Енді осы өсімдіктерді өсіріп, дамытуғаат салысамыз.

 

Жылыжайдың аумағы 300 шаршы метр жерді қамтиды. Даладағы ауа -райы 6 градус болса, жылыжайдың ішінде 25-26-ғадейін жетеді.

 

Жылыжайдың ішіне жылу батареялары орнатылған. Тоқ көзін үнемдейтін жарық шамдар қондырылған. Орталықтандырылған жүйеден су құбыры тартылып, барлдық жағдай жасалған. Жобаны БҰҰ-мен жұмыс істейтін қоғамдық бірлестік қолға алған. Оқушылар игілігі үшін 24 миллион теңге жұмсалыпты.

 

Қаршагүл Әділбекова, №11-ші жалпы білім беру орта мектебінің директоры:

Біздің оқушыларымыз мынау көкті өсіріп, гүлді, жемісті, өсіріп үйренетін болады. Бұл бір жағынан еңбекке баулу, екіншіжағынан табыс табу және өзіміздің азық-түлікпен қамту жағына өте пайдалы деп есептейміз.

 

Оқушылар жаз бойы жылыжайда жұмыс істейтін болады. Күтіп, баптап күзде өнім жинайды. Көкөністер мектеп асханасына жіберіледі. Сөйтіп балалар мектепте тегін тамақтанатын болады. Түсім мол болса, сатылып, жиған ақша мектепішілік қайырымдылық шараларына жұмсалатын болады.

 

Еңбек пен ермек. Екеуін ұштастырған оқушылардың қоғамға көп пайдасы тиетін болды,-дейді мұғалімдер. Қоғамдық бірлестік өкілдері де оқушылардың алғысына бөленді. Дәл осындай жылыжай Батыр аулындағы 10-шы мектепте де салынды. Мұнда да оқушылардың дамуына мол мүмкіндік жасалған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему