Тіл қадірін асырған
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 09:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тіл қадірін асырған

6 Марта 2017 (19:11) | 1887 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында еңбек ету Сұлу Жұмағалиқызының балалық кездегі ой-арманы болатын. Алға қойған мақсатқа жету үшін орта мектепті бітірген бойжеткен арман қуып Алматыға аттанады. Экономика және құқық университетіне оқуға түсіп, заңгер мамандығын алып шығады.

Сұлу Жұмағалиқызы Маңғыстау облысы ішкі істер органдарының құжаттамалық қамтамасыз ету саласында 1994 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Жас маман жұмысын Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасының Кадр бөлімінде іс қағаздарын жүргізуші міндетінен бастады.

1997 жылдан бастап Ақтау қаласы ІІБ әскери жұмысты жұмылдыру және азаматтық қорғаныс бөлімшесінің инспекторы лауазымына тағайындалды.

1997-2008 жылдар аралығында Ішкі істер департаменті Штаб-басқармасының әскери жұмысты жұмылдыру және азаматтық қорғаныс тобының инспекторы, аға инспекторы қызметін атқарды.

Өзіне тапсырылған әрбір істі жауапкершілікпен орындайтын табанды қызметкердің еңбегін бағалай білген Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің басшылығы сенім артып, оған 2010 жылы ІІД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы міндетін жүктеді.

Халық батыры Бауыржан Момышұлы атамыздың: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қанатты сөзін өмірлік ұстанымы деп білген Сұлудың бойынан көретініміз – талапшылдығы, алдына қойған мақсатына жетем деген ұмтылысы, қызметіне деген адалдығы.

Сұлу Жұмағалиқызы ана тілінің шұбарланбауына қатты назар аударады. ҚР ІІМ-нен келіп түскен бұйрықтар, нұсқаулар бойынша берілген тапсырмалардың мемлекеттік тілде сапалы да, мазмұнды орындалуын үнемі бақылап отырады.

Басшы қыздың негізгі қызметінің бағыттарына кіріс, шығыс хат-хабарларын, азаматтардың хаттарын, арыз-шағымдарын, өтініштерін тіркеу, іс жүргізу, номенклатуралық істерді құру және жүргізу, басқарма, бөлімдердің құпиялық режимін сақтау бойынша ішкі тексеріс жұмыстарына қатысу, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен, сондай-ақ басқа ұйымдардан түсетін кіріс құжаттарды қабылдау және тіркеуді бақылауды жүзеге асырады. ҚР ІІМ-нен келіп түскен бұйрық, нұсқау және тағы басқа да өкімдік кұжаттарын қабылдап және тіркелуін қадағалайды. Күші бар ережелер мен анықтамаларды басшылыққа ала отырып, мемлекеттік билік органдары мен басқармалары, қоғамдық бірлестіктердің атауларын біркелкі жазу бойынша шаралар қабылдайды.

Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында нақты тапсырмалар бергені белгілі. Мемлекеттік органдар қызметіне Бірыңғай электронды құжат айналымын енгізу Елбасымыздың алға қойған міндеттерін толық күйінде жүзеге асыруға және азаматтардың құқықтық сауаттылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бірыңғай электронды құжат айналымы арқасында жұмыстың жеделділігі артты, өзара бөлімдер мен басқармалар арасында ғана емес, басқа органдармен хат алмасу

айтарлықтай жеңілдеді. Осы бағыттағы жетістіктерді бірден түсіне білген басшы қыз электронды құжат айналымының дамуына күш салды.

Министрліктен келген өкілдер Сұлу басқарған ұжымның жетістіктерін атап көрсетіп, Бірыңғай электронды құжат айналымы бойынша Маңғыстау облысы Ішкі істер департамаментінде электронды құжат айналымын жүргізу басқа облыстардың ішкі істер органдарының жұмысына үлгі ретінде көрсетіп, осы бағыттағы атқарған қызметіне жоғары баға берді.

Сұлу басқарған ұжымның бірлесе жасаған жұмысының нәтижесінде құжаттама қызметі дұрыс жолға қойылып, іс-қағаздарының мемлекеттік тілде сауатты толтырылуы үнемі басты назарда болады.

«Түрлі іс-шаралардың ұйтқысы болдық. Ішкі істер органдарының құжаттық жүйесін қалыптастыруға үлес қостым деп айта аламын. Қандай жауапкершілікті жүктесе, сол жауапкершілік жүгін алып жүруге кез-келген уақытта дайын болу керек. Бір сөзбен айтқанда, біз мемлекеттік қызметтің жауынгеріміз. Бұл қызмет кәсіби шыңдалуыма үлкен септігін тигізді деуге болады. Білімді, білікті маман болсаң, адал еңбек етсең оның бағасы да, нәтижесі де болмай қалмайды»,- деді Сұлу тебірене.

Батыл қыздың еңбегі еленіп, қызметін мінсіз және адал атқарғаны үшін, сонымен қатар «Каспий-достық мекені» фестивалінде белсенді қатысып, халықтар бірлігі мен татулығын насихаттауға атсалысқаны үшін Алғыс жарияланып, қызметтегі жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «ҚР ІІМ-нің үздік қызметі үшін» кеуде белгісімен, «Қазақстан полициясына 15 жыл», «Қазақстан полициясына 20 жыл» төсбелгілерімен, «ІІО-да мінсіз қызметі үшін» 2 дәрежелі медалімен марапатталды. Алдағы уақытта да Сұлудың талай белесті бағындырып, өз ісінің шебері ретінде биіктен көрінетініне сенімім мол!

Маңғыстау облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімі

Ардақ Нәубет

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему