Маңғыстаулық журналистер мен мемлекеттік қызметкерлер жұмыла жұмыс істеуге талпыныс танытты
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 15:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық журналистер мен мемлекеттік қызметкерлер жұмыла жұмыс істеуге талпыныс танытты

30 Ноября 2016 (15:45) | 2017 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Азаматтық Альянс» ЗТБ 28-29 қарашада Ақтауда БАҚ өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Құқықтық медиа» тақырыбындағы тренингті ұйымдастырды

            Екі күндік дәрісті оқуға арнайы Алматыдан 31 телеарнаның «Информбюро» жаңалықтар қызметінің арнайы корреспонденті, «Сөздің шыны керек» жобасының авторы әрі жүргізушісі Ирина Советжанқызы шақырылды.

            Тапсырыс беруші Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының ұсынған «Мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы диалог пен ынтымақтастықты дамыту жұмысын ұйымдастыру» жобасы – журналистердің кәсіби шығармашылық белсенділігін арттыру, журналистикалық білім беру жүйесін дамыту мақсатын көздеді.

-                     Біздің бұл тренингті ұйымдастырудағы ең басты мақсатымыз –журналистер мен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы байланысты орнату, жергілікті БАҚ өкілдері мен Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің қарым-қатынастарын нығайту болатын.

Осы екі күндік тренингке қатысушылардың белсендігіне қарап, олардың бір-бірімен байланыстарын көріп, мен тренинг өз дегейінде өтті деп ойлаймын. Дәріске қатысушылар өте көп пайдалы ақпарат алды, екіжақты жақсы қарым-қатынас орнады деп айтар едім.

Сондықтан біз өзіміздің діттеген мақсатымызға жеттік деген ойдамын.

Бұл-біздің 4 модульдық тренингтеріміздің төртінші, қорытындылау тренингіміз болатын. Бұған дейін де БАҚ өкілдері үшін түрлі тақырыптарға арналған үш тренингті ұйымдастырып, өткізген болатынбыз. Осы жолы да журналистер тарапынан белсенділік пен ұйымдастырылған шеберлік дәрістеріне деген ризашылық танытылды,- дейді «Азаматтық Альянс» ЗТБ жоба үйлестіруішісі Мөлдір Амангелдиева.

 

 

«Құқықтық медиа» тақырыбындағы дәрістер барысында екі күн бойы журналистер мен аймақтың қала аудандарынан келген әкімшілік және ішкі саясат бөлімдерінің мамандары мен мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің өкілдіері «БАҚ туралы» Заңға шолу жасап, тілшінің ақпарат алу және жинау кезіндегі құқықтары, мемлекетттік мекеме мен ақпарат құралдары арасындағы байланыс, мемлекеттік мекеме жұмысының ақпарат құралдарындағы көрінісі, даулы материалдар, жасырын ақпарат көздері және мемлекеттік қызметкер, жасырын камера, ақпарат құралдарындағы жарнамалық мазмұндағы материалдардың берілуі, журналистер жұмысында қолданылатын деталь деген не, мұны мемлекеттік қызметкердің білуі міндетті ме деген тақырыптар төңірегінде әңгіме өрбітіп, талқыланған жайттарды тәжірибедегі кездескен шынайы оқиға, сюжеттермен салыстыра отырып, ұсынылған тапсырмаларды орындау арқылы кәсіби шеберліктерін шыңдау мүмкіндігіне ие болды.

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Өтеғалиева Элеонора Мұратқызы:

-                     Екі күнге созылған «Құқықтық медиа» тақырыбындағы тренинг жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өтті деп есептеймін. «31 арнадан» келген журналист Ирина Советжанқызы өзінің дәрістері барысында бізге өз тәжірибесімен алмасып, көптеген мағұлматтар берді. Тілшінің, баспасөз қызметшісінің жұмыс барысында пайдалануы керек әдіс-тәсілдерді меңгертіп, бізге үйрете білді.

Біз осы мағұлматтарды болашақта өзіміздің жұмысымызда пайдаланамыз деп есептеймін, себебі пайдаға асатын көптеген сәттері, пайдалы бағыттары бар. Осыларды келешекте іске асырамыз деген ойдамын.

Жергілікті телеарна және басылым тілшілерінің дебірқатары аталмыш дәрістерге қатысып, шеберліктерін шыңдау мүмкіндігіне ие болды. Өз кезегінде олар да қызметтеріне қатысты біраз пайдалы ақпараттарға қанығып, өзара тәжірибе алмасты.

-                     Жалпы, тренингті Ирина Советжанқызы жүргізеді дегенді естігеннен-ақ оған қатысуға деген қызығушылығым, ынтам артты. Себебі, бұл әріптесімінің жүргізген бірінші дәрісіне қатыса алмай қалған едім, осыда қатысу мүмкіндігі бұйырды.

Ирина Советжанқызы – «31 телеарнаның» «Иформбюро», «Сөздің шыны керек» бағдарламаларының жүргізушісі ретінде елімізге танымал өткір журналист, сауатты маман. Әріптестері – бізге өз тәжірибесімен бөлісе отырып, теориямен ұштастырып, көптеген құнды ақпараттарды берді, аудиторияға жеткізе алды.

Өз басым, кейбір құқықтық мәселелер жөнінде білмейді екем, осы дәрістерді тыңдау арқылы өткір материалдарды жазу стилі қандай болып шығуы тиіс, дайындау кезінде детальды қалай табу керек, жасырын камера деген не, осындай кейбір пайдалы мағұлматтарды алдым.

Қызметінің қауырт екеніне қарамастан, бізге осы тренингті өткізу үшін сонау Алматыдан арнайы келіп, уақытын бөлгеніне ризамын.

Қарапайым мінезімен, жылы жүзімен, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас орната білуімен бізге ұнады. Менің өзімнің осы екі күнгі дәрісітерінен соң Ирина Совеитжанқызына деген құрметім арта түсті – дейді тренингтен соң өз пікірін білдірген «Қазақстан-Ақтау» облыстық телеарнасының журналисі Кәмшат Ізбасарова.

Екі күнгі дәрістері барысында тыңдаушыларын ешбір жалықтырмай, журналист ретінде өзі жасаған дүниелерімен бөлісе отырып, кәсіби шеберлікке жетудің кейбір қыр-сырларымен таныстырған, мемлекеттік қызметкерлер мен БАҚ өкілдерін ұйыстырып, бір мақсатқа жұмылдыра білген Ирина Советжанқызының айтқандарын әріптестері – журналистер мен мемлекеттік қызметкерлер және баспасөз хатшылары ұйып тыңдады. Тренинг аяқталғанда ризашылықтарын білдіріп, шексіз алғыстарын жаудырды.

 

 

Өзі өткізген дәрістерінің аудиторияға қалай жеткені жөніндегі пікірімен бөлісуін өтінгенімде:

-                     Кейбіреулер ойлайды, журналистер мен мемлекеттік қызметкерлерді «ит пен мысық» сияқты деп, негізі ол - олай емес. «Бәріміздің илегеніміз – бір терінің пұшпағы» дегендей, бәріміз де халықтың қамы үшін қызмет еткендіктен, ортақ, біріге жұмыс істесек, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Мысалы, мен өзіме қандайда бір жақсы материалды түсіру үшін әкімшілікке барсам, мені сол мекеменің жауы ретінде қабылдаудың қажеті жоқ. Біз халықтың мәселесін алып келдік пе, сол бойынша жауап берсін. Ары қарай, тіпті жағымсыз кадрлар да жасалынбайды. Бұл – тек бір ғана кішкене моменті деуге болады.

Тренингте қаралған журналистер пайдаланатын деталь, жасырын түсірілім дегендердің әкімдік қызметкерлеріне қандай қатысы болуы мүмкін деп, ой туындауы мүмкін. Бірақ журналистерге қатысты нәрселерден олар да хабардар болып отыруы керек. Өйткені, біздің ортақ жасайтын жұмыстарымыз көп.

Журналистер алатын жасырын ақпарат көздері - олардың бәрінен мемлекеттік қызметкерлер хабардар болып отыруы керек. Оның үстіне, көбіне соңғы кездері террористік баппен айыпталған азаматтарымыз көбейіп жатыр. Ол – біздің қауіпсіздіміізге сын, бірақ біз қауіпті мемлекетте өмір сүреміз деген әңгіме емес. Бірақ, мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін журналист те, әкімдік қызметкері де, шенді де, шенеунік те, қарапайым халық та бірге жұмыла күресуі керек.

 Сондықтан басында маған осындай ұсыныс түскен кезде мен таң қалдым. Бұл – мемлекеттік қызметкерлердің жағымсыз материалсыз да журналистермен бірге, жұмыла жұмыс жасайық деген ниетінің өзі қуантады.

Бұл тренинг менің ойымша, жақсы деңгейде өтті, өйткені бұл аудиторияның белсенділігі жоғары болды. Егер аудиторияға таңдалынған тақырып, мен жүргізген дәріс қызықты болмаған жағдайда, ол кісілер дәл бұлай атсалыспас еді, белсенділік танытпас еді. Сондықтан ол кісілер тарапынан да сұрақтар өте көп қойылды. Сол сұрақтарға сай жауап алынды деп ойлаймын және Ақтаулықтарға біздің дәріске келгеніне, құрметіне, жалпы қонақжайлылығына көп рахмет айтқым келеді, - деді Ирина Советжанқызы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему