Өртке қарсы қызметіне жалған шақырту
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 23:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өртке қарсы қызметіне жалған шақырту

5 Февраля 2017 (19:52) | 2066 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобы облыс тұрғындарына аталмыш мәселеге қатысты төмендегі ескертулерді жолдапты.

 

Өрт сөндіру қызметінің «101» телефонын әрбір адам білуі қажет. Оны білу – адамның өмірін сақтап қалуға, кейде тіпті тек өзінікін ғана емес өзгенің де өмірін аман сақтауға септігін тигізуі мүмкін. Бірақ, бүгінде жиі байқлатыны, ең маңызды бұл нөмір балалардың ойынқұмарлығы мен еркелігінің құралына айналып отыр. Бұл нөмірге ойнап соғып, өртсөндірушілерді босқа әуреге салған уақытта көрші үйде біреу өртке шалынуы мүмкін.

 

Маңғыстау облысы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» кез-келген шақыртуларға шығады, тек нақты факт бойынша ғана шын немесе жалған шақырту болғандығын білуге болады.

 

Жалған шақыртуды қабылдай отыра, өрт сөндірушілер кейде тіпті шын орын алған өртке қарсы дер кезінде әрекеттенуге үлгермей жатады.

 

Статистика бойынша, жалған шақыртуларға қызмет көрсету салдарынан әрбір 10-шы өрт кезінде бір адам қаза табады немесе жарақат алады.

 

Маңғыстау облысының өзінде 2016 жылы бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 100 мыңнан астам шақырту түскен, бейінсіз бағытта – ұялы телефондарды тексеру, ақпараттық-анықтамалық сипатта, балалардың ойыны, жалған шақыртулар.

 

Жалған шақыртуларды екі типке бөлуге болады: «жаңылыс» және «қасақана». «Жаңылыс» шақырту әрекетінде, су булары, өрт жұмыстарының түтінінен және т.б. түтіндену болып көрінуге қабілетті жағдайларды қабылдайтын адамдар тұр. Мұндай шақыртулар жалған болғанмен, заңмен жазаланбайды. Отты елемеу қауіпті: кішігірім жануды ең нағыз өртке ұласып кетуіне уақыт жоғалтқанша, дұрысы - дер кезінде өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалу.

 

«Қасақана» шақырту - мамандандырылған қызметтерді біле тұра жалған шақырту және бұл заңның барынша қатаң түрімен жазаланады. Бұзақылық ниетпен, ешқандай себепсіз арнайы қызметтерді шақырту жасаған азамат әкімшілік жауапкершілікке, ал «теракт» жөнінде жалған хабарлаған жағдайда – қылмыстық жауапкершілікке тартылуға дайын болуы қажет.

 

Айта кететін жайт, айыппұл туралы. Бұзақылық ниетпен жедел жәрдем, полиция және өрт сөндірушілерді шақырту заңмен жазаланады.

 

Егер сіз арнайы қызметті ешқандай себепсіз, жалған мекен-жайды бере отыра немесе көршілердің ызасына тию үшін шақыртсаңыз, алдымен сізді әкімшілік жауапкершілікке тартады. Аталған әрекетке жауапкершілік Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 438 бабында қарастырылады.

 

* мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдарын, полиция, жедел жәрдем,

 

авариялық қызметін біле тұра жалған шақырту – жеке тұлғаларға отыз айлық есеп көрсеткіші көлемінде айыппұлға әкеліп соқтырады.

* осы баптың бірінші бөлімінде қарастырылғандай бір жыл ішінде

 

әкімшілік жазаға тартылғаннан кейін қайталанған әрекет немесе аварияларды, өрттерді, зілзала, апатты жою мезгілінде жасалған әрекет – жеке тұлғаларды алпыс айлық есеп көрсеткіштері көлемінде айыппұлға әкеліп соқтырады.

 

* осы баптың бірінші және екінші бөлімдерінде 14 жастан 16

 

жасқа дейінгі кәмілетке толмаған балалардың жасаған әрекеттері – ескерту немесе ата-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға 15 айлық есеп көрсеткіші (АЕК) көлемінде айыппұл қарастырылған.

 

Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» қызметкерлері азаматтарды саналылыққа және заңды сақтауға шақырады. Өрт сөндіру қызметінің (ұялыдан) «101» телефонына өрт туындау немесе өршу қаупі болғанда, адам өміріне қауіп болған кезде қоңырау шалу жөн.

 

Бүгінде заманауи техникалық құралдар телефон бұзақыларын оңай анықтауға және оларды жауапкершілікке тартуға көмектеседі.

 

«101» - ді терген кезде, есте сақтаңыздар: ӘҢГІМЕ ЖАЗЫЛАДЫ.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему