Маңғыстау облысында балаларды құтқарған батырды марапаттады
Курс валют в Актау
на 13/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
13 Мая, 08:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында балаларды құтқарған батырды марапаттады

19 Декабря 2016 (12:42) | 2939 | Автор: Нурганым Имашева

 

2016 жылдың 14 желтоқсанында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосының Ж. Қалдығараев орта мектебіндегі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналыста 8 «Б» сынып оқушысы Күзембаев Ғалымжанды марапаттау рәсімі өтті.

  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымовтың 2016 жылдың 9 желтоқсанындағы №345 бұйрығымен Ғалымжан Күзембаев «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар Маңғыстау облысы ТЖД «Алғыс хаты» және бағалы сыйлығы тапсырылды.

    Еске салсақ, 2016 жылғы 7 қараша күні сағат 11:50 шамасында Бейнеу селосында үйде өрт шығып жатқаны жөнінде хабар келіп түскен болатын.

Шақырту бойынша Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ №6 өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына барған кезде жатын бөлмесінің ішінде орналасқан принтер құрылғысы және комод жиһазы өртенгені белгілі болды.

Үйде кәмелет жасқа толмаған 2010 ж.т., 2011 ж.т., 2012 ж.т. үш бала болған. Сол көшенің бойындағы үйде тұратын көршісі, Ж. Қалдығараев орта мектебінің 8 «Б» сынып оқушысы Күзембаев Ғалымжан жанып жатқан үйдің ішіндегі үш баланы терезеден шығарып құтқарып қалған.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему