Ақтауда 800-ге жуық адам кітап алмасты
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 01:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда 800-ге жуық адам кітап алмасты

23 Апреля 2017 (18:45) | 2566 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Сәуірдің 21-і күні Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Кітап әлемді бағындырады» акциясы аясында 800-ге жуық оқушы мен ұстаз бір мезетте бір-біріне кітап сыйлады. Шара 23-сәуір халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай республикадағы барлық зияткерлік мектептерде өтті.

Биыл «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде» алғаш рет өткізіліп отырған акцияның басты мақсаты - барша мектеп ұжымы мен оқушыларды, ата-аналарды кітап оқуға ынталандырып, болашақ жастардың бойына рухани мәдениетті дарытып, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.

Жоба барысында барлық қатысушы алдын ала арнайы белгіленген номер алды. Бұл номерлерде шараға қатысушылар аты-жөні бекітілді. Бекітілген тізім тек қана мектеп кітапханашысына белгілі. Номерді алған қатысушы құпия оқырманға кітап сыйлады.

-Құпия оқырманның ұнататын кітаптарының жанрын номер көрсетілген қағазға белгіледік. Бұл оқырмандарымыз кітапты қызығушылықпен оқысын деген ойдан туып отыр, - дейді акцияны ұйымдастырушы кітапханашы Динара Қайратбекқызы.

Мектеп алаңында құпия оқырманының номерін іздеген балалар, ата-аналар, ұстаздар өзара мәре-сәре болып, кітап алмасты.

-«Кітап әлемді бағындырады» акциясы маған қатты ұнады. Сыйлық жасайтын құпия оқырманды іздеп ұзақ жүрдім. Бірақ соған қарамастан таптым. Мұндай шараның өтуі өте қызықты әрі маңызды. Себебі, кітап оқыған адам ғана білімді, көшбасшы. Алдағы уақытта да белсенді түрде қатысамын, -дейді шара қатысушысы, 10-сынып оқушысы Райымбек Ақкөлұлы.

Айта кету керек, «Кітап әлемді бағындырады» акциясы зияткерілк мектептерде жыл сайын ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. Акция нәтижесінде республика бойынша 8000-ға жуық кітап табысталды.

Бұл жағымды жаңалықпен Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметінің маманы Рысгүл Рамазанова бөлісті,

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему