Маңғыстауда тоғызқұмалақ ойынын дамытуға бағытталған халықаралық семинар бастау алды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 01:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда тоғызқұмалақ ойынын дамытуға бағытталған халықаралық семинар бастау алды

10 Апреля 2018 (19:13) | 2374 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бүгін «Жастар үйінде» тоғызқұмалақ ойынын дамыту мақсатында «Тоғызқұмалақ ойындарының негіздері: теория және тәжірибе» атты халықаралық семинар басталды. Аталмыш шараны Тоғызқұмалақ ойынын дамыту мақсатында «Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы» және «Маңғыстау облыстық Тоғызқұмалақ Федерациясы» қоғамдық бірлестігі, Түркияның Мангала Федерациясы, Манғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акцонерлік қоғамы Маңғыстау облысы бойынша филиалы бірлесіп ұйымдастырды.

 

Семинарға Түркия елінен келген Мангала Федерациясының президенті Рауф Өзген мырза және білікті мамандар Алматы қаласынан ҚР Бас жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақапбаева Айнұр Әбдісадыққызы, Астана қаласынан келген «Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының» Бас хатшысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шотаев Мақсат Есенбекұлы жәнеоблыстың аудандарынан келген денешынықтыру пәнінің мұғалімдері және жаттықтырушы мамандар қатысты.

 

«Тоғызқұмалақ ойындарының негіздері: теория және тәжірибе» атты 36-сағаттық халықаралық семинарда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарының мамандары ұлттық ойындардан шеберлік сабақтарын өткізеді.

 

Қазіргі таңда ұлттық спорт түрлерін дамытуда мемлекет тарапынан көп көңіл бөлініп, тоғызқұмалақ ойынының халықаралық деңгейде танылуы - ұлттық ойынға дүние жүзілік деңгейде қызығушылықты арттырады. Көптеген Еуропа мен Азия елдерінде ұлттық ойын жеке тұлғаны тәрбиелеу құралы ретінде насихаттала бастады. Халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен фестивальдердің бағдарламасына еніп, әлемдік деңгейде бұқаралық сипат алды.

 

 

Түркия елінен келген Мангала Федерациясының президенті Рауф Өзген мырза:

-Қош көрдік! Бұл жолы екінші рет Сіздердің орталарыңыздамыз, яғни біздің федерациямызға 3 жыл ғана болып отыр. «Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясымен» бірлесе қазір көптеген іс-шаралар өткізіп жатырмыз.

 

Өткен жылы осы семинарға қатысқандар бар және тағы да жаңадан қатысушылар бар, Түркияда Мангала ойындарын дамытып жатырмыз. Биылғы жылы тұңғыш рет Түркияның 16 қаласынан жиналған 500 команданың арасынан 1000-ға жуық спортшылар тартылған 2 адамнан құрылған команда өзінің жарысын бастады. Соның финалында «Анадолла» ашық халықаралық жарысы сәуірдің 27-сі мен 2 мамыр аралығында Анталияда болады. «Анадоллы» жарысында тек қана Мангала емес, бестемше, тоғызқұмалақ жарыстары да өткізіледі. Өткен жылы біз келгенімізде жақсы жобалар әзірледік, ол жобаның нәтижесінде Ақтау мен Түркияның қалалары арасында достық орнады. Тоғызқұмалақ, мангала, бестемше ойындары арқылы достық байланыс орнатылады. Ақтаудан Түркияға спортшылар келеді, екінші жолы АқтауғаТүркиядан келіп, осы өткізіліп жатырған жарыстарда орын алған спортшыларға сол жерде жолдама беріп, осындай жолдастық кездесулер ұйымдастыруды қолға аламыз. Ақтауға міне 2-ші рет келіп жатырмын, сіздердің қонақ жайлылықтарыңызға үлкен рахмет!-деген лебізін білдірді.

 

Ұлттық ойынымыз Тоғызқұмалақтың беделін арттыру үшін Халықаралық семинарда аудандардан келген ұстаздар мен жаттықтырушылар шеберлік сыныптарында және тәжірибелік сабақтарда біліктілігін арттырады.

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуысызға дұрыс тамақтануымызға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталынған» делінген. 

 

 

Шотаев Мақсат Есенбекұлы –«Дүниежүзілік тоғызқұмалақ Федерациясының» Бас хатшысы, ҚР-ныңжастар арасындағы тоғыз құмалақтан аға жаттықтырушысы:

-Бұл екінші рет өткізіліп отырған семинар. Мақсаты - осы тоғызқұмалақтың теориялық негіздерінің ерекшеліктерін Маңғыстау облысының дене тәрбиесі мұғалімдері, жаттықтырушылар төрешілер және спортшыларға осы ойын түрін тереңірек үйрету болып табылады.

 

 Сондай-ақ, бұл семинарда тоғыз құмалақтан бөлек Мангала, бестемше ойындары да үйретіледі. Негізгі мақсатымыз - осы мұғалімдердің біліктілігін арттыру және Түркия республикасымен халықаралық достық байланысты нығайтып, сол елдерде де біздің тоғызқұмалақтай ойындарымызды да таныстыру болып табылады.

 

Тоғыз құмалақтан аптасына бір рет қосымша сабақ ретінде өткізу Ресейде, Қытайда, Моңғолияда да бар және былтырдан бастап Түркияда да қосымша сабақ ретінде өткізіліп отыр. Жалпы, бұл тоғыз құмалақтың сабақ бағдарламасына енуі - оқушылардың ақыл-ой қасиеттерінің жетілуіне өзінің септігін тигізеді. Олардың ми қабілеттерінің озық болуына, есептегіштік ойлау жүйесі кең, ақылы жүйрік қиял иесі болуына септігін тигізеді.

 

Маңғыстау облысында тоғыз құмалақ Қазақстанның өзге облыстарымен салыстырғанда орта деңгейден жоғары дамып отыр. Оның өзінде 10 жыл бұрын Маңғыстау облысына келген Гаухар Жакиева есімді аға жаттықтырушынын еңбегі деп айтамыз.

 

Жергілікті жерде Тілегенов Сабақбай, Ағуза Далабевна сияқты ұстаздар осы ойынның қайтадан жандануына өздерінің үлестерін қосты. Бірақ Маңғыстау облысына әлі де көптеген жұмыстар істеу керек, озық ойыншыларды жетілдіру қажет. 2007 жылы Гаухар Жакиеваның Ақкемпірова Айнұр есімді 16 жастағы оқушысы тоғызқұмалақтан спорт шебері болған, одан кейін әлі күнге дейін жоғары нәтиже жоқ, осыны ескере отырып, біздің ұлттық ойынымызға көп күш жұмсауымыз керек.

 

Осы семинарды өткізудегі мақсатымыз да осы – Маңғыстау облысында тоғызқұмалақтың белсенділігін арттыру болып табылады. Шебер ойыншылардың қалыптасуына өзіміздің үлесімізді қосу,- деген пікірімен бөлісті.

 

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, халықаралық семинар 3 күнге созылмақ.

 

Суреттерді түсірген Азамат Ахмедов

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему