Маңғыстаулық 75 түлек «Алтын белгі» иегері атанды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 05:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық 75 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

13 Июня 2016 (12:25) | 2579 | Автор: Нурганым Имашева

 

Аймақтық Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында жергілікті БАҚ өкілдерімен кездескен Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова биылғы жылғы Ұлттық Бірыңғай тестілеу қорытындысы туралы баяндады.

- Биыл Маңғыстау облысы бойынша 4825 түлек мектеп бітіріп, оның 3196-сы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға тілек білдірді. Бұл барлық бітіруші түлектің 65%-ын құрайды, өткен жылы бұл көрсеткіш 61,6%-ды құраған болатын. Сондай-ақ, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың 37 жеңімпазы ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылды.

Облыс бойынша «Алтын белгіге» 110 түлек үміткер болып, оның 75-сі, яғни 68%-ы өздерінің білімдерін дәлелдеп шықты. 497 түлек жүзден жоғары ұпай жинаса, 537 түлек, яғни 17%-ы шектік деңгейден өте алмай қалды. Алайда, осы түлектердің тамыз айында өтетін ақылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, Қазақстанның кез-келген ақылы жоғарғы оқу орындарына түсу мүмкіндіктері бар, - деді Зейнеп Тастемірова.

Басқарма басшысының айтуынша, Маңғыстау облысы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш – 124 ұпайды Жаңаөзен мектеп гимназиясының түлегі Мыңжасова Маржан мен Ақтау қаласындағы №4 мектеп гимназиясының түлегі Семедьяров Алдияр жинады.

«Алтын белгіге» ие болған түлектердің саны Ақтау қаласында -24 болса, Бейнеу ауданында -2, Жаңаөзен қаласында - 12, Маңғыстау ауданы бойынша – 13 түлек үздік шықса, Мұнайлы ауданында – 11, Түпқарағанда – 5, Облыстық математикалық интернаттан -5 түлек болса, Қазақ-Түрік лицейінде – 3 түлек өз білімдерін дәлелдеп шыққан. Былтырғы 2015 жылы 78 үміткердің 46-ы ғана (59%) «Алтын белгі» иегері атанған болатын.

- Облыстағы білім деңгейі артып келеді. ҰБТ бойынша биыл орташа ұпай 78,5% болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 75,5%-ды құрады. Айта кету керек, биыл Мұнайлы және Түпқараған аудандарының түлектері өте жақсы көрсеткішті көрсетті. Ал, жоғарғы көрсеткіш көрсеткен мектептер бойынша, 106 ұпаймен бірінші орынға Жаңаөзен қаласының мектеп гимназиясы шығып отыр, - деді Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова.

Айта кетейік, биыл Маңғыстау облысы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу маусым айының 3-10 күндері аралығында өтті. Бұл күндері аппеляциялық комиссия жұмыс жасап, барлығы 12 ұпай қайтарылған.

Биыл дәстүрлі форматта соңғы рет өткізілген ҰБТ-ның келер жылғы жаңа форматы қандай түрде болуы мүмкін? – деген тілшілер сауалына, облыстық білім басқармасының басшысы: «Бізге әлі жаңа түрдегі тестілеудің алгоритмі қолымызға келіп түскен жоқ. Біз қазір өзіміздің ұсыныстарымызды ҚР Білім және Ғылым министрлігіне жолдаудамыз.

Жаңа форматтағы тестілеуде әрбір оқушы жеке электронды түрде тест тапсырып, аудиториядан шығысымен оның нәтижелерін сол бойда алуына мүмкіндік тууы ықтимал. Бұл мектеп бітіру сынағы болса, ЖОО-на түсерде жас түлектер білім деңгейлерін тағы бір сынға салады», -деп жауап берді.

Зейнеп Жұмағалиқызының мәлімдеуінше, биылғы жылғы мектеп түлектерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі республика бойынша 17 маусымда өтеді деп белгіленген.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему