«Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» Болашаққа бастар жол
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 14:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» Болашаққа бастар жол

14 Июня 2017 (17:11) | 8065 | Автор: Нурганым Имашева

 

Қазақстан Республикасының Президенті 2015 жылы 20 мамырда Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде 100 нақты қадам бағдарламасын қабылдады. Оны қазірдің өзінде әлемнің саяси сарапшылары маңызды шешім екенін мойындады. Расында «100 нақты қадам» бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары» деп бұқаралық ақпарат құралдарында атап көрсетілген.

 

«Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырумен Қазақстан мемлекетін нығайтуға, негізгі бағыт-бағдардан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді түрде өтуге бағытталған «100 нақты қадам» жүктеген міндеттерді жүзеге асыру – өте жауапты іс.

 

Ұлт жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» - бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары екені көрсетілген. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Біртектілік пен бірлік» және «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжатта мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған.

 

 

«Нақты 100 қадамның» 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арналған. Себебі, заманауи мемлекет құруда кәсіби аппараттың рөлі өте зор. Кәсіби аппарат құрудың 15 қадамы азаматтарды мемлекеттік қызметке алғаш қабылдау рәсімінен бастап, оларды кешенді аттестаттауға дейінгі аралықты қамтиды.

 

Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру Ұлт жоспарының 13-қадамында атап көрсетілген.

 

Құжатта мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғыртуға, мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиістігі, мемлекеттік қызметке алғаш қабылдағандарға міндетті түрде сынақ мерзімін енгізу, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру, еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу туралы нақты тапсырмалар жазылған.

 

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту – үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру, мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізде көшу, мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау міндеттері мен оларға қатысты нақты мәселелер еліміздегі мемлекеттік қызмет саласын жаңа деңгейге көтерері сөзсіз.

 

 

Ұлт Жоспарының 16-34 қадам аралығы заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналған.Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту; судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау және тағы басқа мәселелер 19-қадамда көрсетіліп отырғанын айта кеткеніміз жөн. Құжаттың 20, 21 және 22 қадамдары сот саласына арналған.

 

Елбасы тапсырмасы жауапты әрі салмақты. Қазақстандықтар маңызды 100 қадамды өз қызметімізде, жұмыс орнымызда, қоғамдық өмірімізде болсын жүзеге асыруға атсалысуымыз керек.

 

Елбасымыздың әр Жолдауы көптеген сауалдардың түйінін шешіп, тығырықтан шығар жолды көрсететіні айқын. Сондықтан әрбір қазақстандық ұлттың мүддесін биік қойып, белгіленген межеге жету жолында аянбай еңбек етуі қажет.

 

Біздің міндет - Елбасы бағыт-бағдарын айқындап берген нақты мақсаттарын мінсіз  орындау  болмақ.

 

С.Құбаев

Маңғыстау облысы прокуратурасының

2-Басқарма прокуроры 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему