Сәндібек-күміспен оралды
Курс валют в Актау
на 08/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
8 Мая, 09:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сәндібек-күміспен оралды

30 Мая 2016 (12:48) | 2304 | Автор: Нурганым Имашева

 

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында самбо күресінен спорт шеберлері арасында Ел біріншілігі өтті. Жарысқа 35-39 жас аралығындағы балуандар қатысып, боз кілемнің шаңын қақты.

 

Олардың арасында маңғыстаулық балуан Сәндібек Дүйсенбеков та бар. Жарыс қорытындысында Сәндібек күміс медальді иеленіп, өзінің спорттық бабында екенін тағы бір дәлелдеп қайтты.

 

-Бұл жарысқа мен облыстан жалғыз өзім қатыстым. Сондықтан да намысқа тырысып, жүлделі орыннан көрінуге барымды салдым. Қазіргі таңда мұнай саласында жұмыс жасап жүрсем де, уақыт тауып, спортқа көңіл бөліп тұрамын. Жалпы менің спортты жаныма серік еткеніме - 25 жыл болыпты.

Менің спорттық жарыстарға қатысуыма қолдау көрсетіп жүрген Манарбек Бисекеновке, осы жолы мені самбо күресінен дайындаған белгілі бапкер Берік Жұмағалиевқа алғыс айтамын.

Бұл жолы жарыста 68 келі салмақта күрестім. Менің салмағымда 8 балуан болды. Алдымен Оңтүстік Қазақстандық, жезқазғандық, алматылық балуандарды жеңіп, финалға өттім.

Алайда финалда алматылық балуанға есемді жіберіп алдым. Екінші орынды иеленіп, Маңғыстауға күміс медальмен оралдым.

Отбасымда ұлым да спортқа жақын, қызым өнер саласын таңдады. Болашақта ұлым да елге белгілі спортшы болып, үмітімді ақтайды деп сенемін,-деген Сәндібек Дүйсенбеков жастарға өмірдің барлық саласында табысты болу үшін спортпен айналысудың пайдасы зор екенін айтты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему