Ақтауда жыл басынан бері 8 өрт оқиғасы орын алды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 18:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда жыл басынан бері 8 өрт оқиғасы орын алды

26 Февраля 2016 (15:00) | 1651 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері пәтерлер иелерінің тұтынушы кооперативінің (ПИТК) төрағасымен бірлесе отырып, 2016 жылдың 20 ақпанында 22 шағын ауданда орналасқан № 5-5а-5б және №10-шы үйлерде «Тұрмыста өрт қауіпсіздік ережесін сақтау» тақырабында тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, барлық пәтерлерге жадынамалар таратты.

        

Бұдан әрі басқарма мамандары қаланың өзге шағын аудандарындағы тұрғын үйлерге арнайы рейд жүргізді. Тұрғындар арасында тұрмыста қолданылатын электрқыздырғыш құралдары және пештерді, тұрмыста жиі қолданылатын газ пештерін пайдалану барысында өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау бойынша жадынамалар мен буклеттер үлестірді.

        

Инженерлік - инспекторлық құрам тұрғындар арасында әңгімелесу шараларын өткізді.

        

Ақтау қаласының өрт қаупі жиі байқалатын 4-ші, 22-ші шағын аудандарының тұрғын үйлерінің 400-ден астам тұрғындарына нұсқаулықтар ұйымдастырылды.

        

ТЖ Басқармасының аға инженері өртке қарсы қызмет лейтенанты Абдираш Нұрсұлтанның мәлімдеуінше, «Бұдан өзге «Тұрғын үй-2016» операциясы щенберінде Тұрғын-үй шаруашылығының жылу-энергоқамту мамандары және жетекшілері, аумақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ПИТК қызметкерлерімен бірге өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс жағдайының жарамдылығы және тұрғын үйлердегі өрт мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

 

 

Өрт саны азайғанмен, олардың себептері сол бұрынғыша, тұрғындар тарапынан электрқұралдарын пайдаланудың монтаждық және техникалық ережелерін бұзу, өрт қауіпсіздігін сақтамау».

- 2016 жылдың басынан кәзіргі уақытқа дейін қала аумағы бойынша 8 өрт оқиғасы орын алды, соның 3-уі тұрғын - жай секторынан тіркелген.

Ірі өрт оқиғасы 2015 жылдың 21 тамызында тұрғын үй секторында Ақтау қаласы 28а ш/а 3 үйінің 109 бір бөлмелі пәтерінде жатын бөлмеде орын алған болатын.

Тұрғын үйлердегі өрттің негізгі себебтері электрсымдарының қысқа түйісуі (электрэнергиясын ұзақ қолдану барысында алюминий және мыс сымдардың оралып қалуы), балалардың шалалығы, төсекте жатып темекі тарту және т.б. сондықтан,         кейбір жұмыстар ПИТК жұмысшыларына және тұрғын үйлерге қызмет көрсететін мекемелерге жүктеледі.

Оларға тұрғын үйлердің жертөлелерін, баспалдақтарды және тез жанғыш материалдар сақталатын орындарды, баспалдақтардың астындағы жанармай коятын жерлерді мұқият тексеру, құтқару жолдарын, тұрғын үйлерден шығатын қосымша құтқару жолдарына көніл бөлу тапсырылды.

Өкінішке орай, тұрғындар өз үйлерінің балкондарын, лоджияларын ескі жиһаздар мен құрылыс материалдарына және үйлердің кіреберістерін отындармен толтырып қояды,- деп атап өтті Н. Абдираш

 

Аға инженер: «Жоғарғы қабаттан лақтырылған сөндірілмеген темекі төменгі этаждың лоджиясына түсіп, өрт орын алуы мүмкін.

 

Дәнекерлеу және от жұмыстарын жүргізу барысында өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескерту мақсатында, өртке қарсы жағдайларға жауапты тұлғаларға және дәнекерлеушілерге қосымша нұсқаулық өткізетін болдық»,-дейді.

 

Сонымен қатар, ол: «Бекітілген телімдердегі тұрғын үйлерді өрттен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы қызмет органдары жасақтаған актілер бойынша шаралардың орындалу барысын жандандыру қажет», - деп атап өтті.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему