Жергілікті полиция қызметі ақтаулық жасөспірімдерді құқықбұзушылықтан сақтандыру акциясын өткізуде
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 09:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жергілікті полиция қызметі ақтаулық жасөспірімдерді құқықбұзушылықтан сақтандыру акциясын өткізуде

18 Февраля 2016 (12:23) | 3217 | Автор: Нурганым Имашева

 

Биылғы жылдың басында еліміз бойынша жаңадан жасақталған жергілікті полиция қызметі облыс орталығы - Ақтауда да белсенді түрде өз жұмысын жүргізіп жатыр.

 

Бүгін - 17 ақпанда ақтаулық жергілікті полиция қызметі республикалық шара аясында қалалық мектептердің жасөспірімдеріне арналған «Жасөспірім. Заң. Жауапкершілік» акциясын ұйымдастырды. Аталмыш шара 16-18 ақпан аралығында өтетінін хабарлаған полиция қызметкерлері оқушыларға оның ұйымдастырылудағы мақсатын түсіндірді.

 

Сынып жетекшілері және мектеп инспекторлары бастап келген ақтаулық он үш мектептің жасөспірімдері алдында сөз сөйлеген Ақтау қаласы Ішкі істер Басқармасы жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция бөлімшесінің аға испекторы полиция капитаны Рахаев Нұрлан Аллабергенұлы:

 

- Бұл ұйымдастырылып отырған акция республика көлемінде өтуде. Оның мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сіздер - жастарға заң талаптарын, заңға қайшы жасалған теріс қылықтардың зардаптарын, олар үшін көзделген жауапкершіліктер туралы түсіндіру. Біз сіздерді қорқыту, үркіту үшін емес, ескерту мақсатында кездесіп отырмыз.

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық фактілері жиі орын алуда. Салыстырып айтар болсақ, былтырғы 2015 жылдың қаңтар айында қалада жасөспірімдер арасында небары 1 қылмыс фактісі тіркелсе, ал биылғы 2016 жылдың қаңтарында 4 қылмыс тіркелген. Яғни, 3 есеге көбейіп отыр. Өздеріңіз білетіндей, жасалған қылмыстың жауабы – жаза болмақшы.

Әрбір құқық бұзушылық үшін оны жасаған адам жауапкершілікке тартылатыны белгілі. Ал сіздер заңды бұзсаңыз, ол үшін тек өздерің ғана емес, сонымен қатар сіздерді бағып-қағып отырған ата-аналарыңыз да жауапты болады. Сонымен қатар өздеріңе білім беріп отырған ұстаздарыңыздың, мектебіңіздің абыройына нұқсан келтіресіңдер.

Ал жауапкершілікке тартылар болсаңыздар, келешекте әскерге барғанда немесе мемлекеттік мекемеге қызметке тұру кезінде, біз сияқты құқық қорғау қызметкері болам дегенде ол сіздерге үлкен кедергі болады.

Сондықтан қандай да болса әрекетке бармас бұрын жақсылап ойланыңыздар. Өздеріңді толғандырған сауалдарың болса, жауап беруге біз дайынбыз,-деп ескертіп өтті.

 

Бұдан соң полиция қызметкерлері жасөспірімдерге уақытша қамау изоляторы, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар отырған қабылдау-тарату мекемесі, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы және девиантты мінез құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына баратындарын айтып, ол мекемелерге барған кездегі тәртіп сақтау ережелерін естеріне салды.

 

 

Нұрлан Аллабергенұлы жастарға сонымен қатар, жыл басынан бері ақпанның 17-сіне дейін қалада 18 жасөспірім әртүрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін есепке алынғаны жайлы айтып, жақында ғана соттың шешімімен 3 жасөспірім Маңғыстау облысының девиантты мінез құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына жіберілгенін, енді қазір 2 жасөспірімнің ісі сотта қаралып жатқанын, сот шешімі шыққан соң олар да аталған орталыққа орналастырылатынына тоқталып өтті.

 

Ювеналдық полиция бөлімшесінің аға испекторы жас өрендерге арнаған сөзінде бүгінгі таңда жасөспірімдердің арасында қаладағы шағынаударға бөлініп төбелесу сияқты бұзақылықтардың кең өріс алып отырғаны жайлы айта келіп, мұндай құқық бұзушылықтар туралы мектеп инспекторларын, полиция қызметкерлерін 102 телефонына қоңырау шалу арқылы ескертіп, заң бұзушылық әрекеттердің алдын алуға атсалысуға шақырды.

 

Түсіндіру шарасынан соң оқушылар полиция қызметкерлерінің бастауымен құқық бұзушылық жасаған тұлғалар отырған арнайы мекемелерге барып, олардағы қамауда отырған тұлғалардың жай-күйімен танысты, әртүрлі .бұзақылық әрекет жасау салдарынан қоғамнан оқшауланған тұлғалардың жағдайын өз көздерімен көрді.

 

Уақытша қамау изоляторына кіріп шыққан соң өз пікірін білдірген №2 орта мектеп оқушысы Даниил Павлов:

- Бұзақылық жасап, мынадай жерде қамауда отырғанша, дұрыс жүріп, тәртіп сақтаған дұрыс. Осыны көрудің өзі-ақ жағымсыз екен,-деді.

 

Сонымен қатар бір топ мектеп оқушыларын жергілікті полиция қызметкерлері арнайы автобуспен Маңғыстау облыстық Ішкі істер Департаментінде орналасқан Жедел Басқару Орталығына алып барып, ондағы тәулік бойы қала көшелеріндегі барлық құқық бұзушылықтар бақыланатын бейне камералардың жұмыс жасау тәртібімен таныстырды.

 

Кез-келген шағынаудандағы, қала жолдарындағы, аялдамалардағы құқықбұзушылықты өзі іздеп тауып көрсетіп отыратын «ақылды» бейне камералардың жұмысы туралы полиция қызметкерлерінің әсерлі әңгімесін қызыға тыңдаған балалар ерекше әсерге бөленгендерін жасырмады.

 

Ұйымдастырылып отырған акция 2-3 күн аясында аяқталып қалмайтынын, ол жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында үнемі жүргізіліп отыратынын ескерткен тәртіп сақшылары балалардың қоғамдық орындарда, кез-келген жерде өздерін дұрыс ұстауына жіті көңіл бөліп, тұрған жерлеріне түкіре салу сияқты теріс қылықтарын да көзден таса етпей, дер кезінде ескерту жасап, көзге түскен балаларды мектеп инспекторларына тапсырып отырды.

 

 

Аталмыш шара бүгінгі күні Ақтау қаласының 13 мектебінен келген оқушылар арасында өтсе, ертеңгі 18 ақпан күні қалған 14 мектептің жасөспірімдеріне арналып ұйымдастырылатыны белгілі болды. Сөйтіп 2 күн ішінде өткізілетін акция аясында қаладағы 27 орта мектептің жас өрендері түгел қамтылатын болады.

 

Ел ертеңі – жас өрендердің бойында құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, жастардың психикалық және физикалық салауаттылығын дамытуға бағытталған аталмыш профилактикалық шаралар бұдан соң да жалғасын тауып, өз нәтижесін берер деген үміттеміз.

 

Ол үшін бүкіл қоғам: ата-аналар, ұстаздар қауымы, тәртіп сақшылары, жастардың туған-туыстары бәрі-бәрі жас өрендерге болашаққа дұрыс бағыт-бағдар сілтеп, жақсы тәрбие беруге атсалысуы тиіс екені сөзсіз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему