Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдері алдында есеп берді
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 15:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдері алдында есеп берді

30 Ноября 2015 (14:08) | 2065 | Автор: Нурганым Имашева

 

Өткен аптаның аяғында аймақтағы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, олардың бизнестерін дамытуға жағдай жасайтын және құқығын қорғайтын бірден-бір ұйым - Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдері алдында 2015 жылдың 10 айында атқарылған жұмысы туралы есеп беруге арналған жиынды ұйымдастырды.

 

Аталмыш басқосуға өңір басшысы Алик Айдарбаев, облыс әкімінің орынбасарлары Ш.Ильмуханбетова, Р.Әміржанов, аймақтық кәсіпкерлер палатасы Кеңесінің мүшелері, маңғыстаулық бизнес өкілдері, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің басшылары, мұнайгаз компанияларының жетекшілері, даму институттарының және екінші деңгейлі банктердің басшылары қатысты.

 

Келелі жиын барысында сөз алған кәсіпкерлер Палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев кәсіпкерлер құқығын қорғау, әкімшілік кедергілермен күрес және өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту бағыттарындағы ұйымның жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы есеп берді.

 

Директордың баяндамасынан белгілі болғандай, өткен 10 ай ішінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша 79 арыз-шағым түсіп, оның 41-і бойынша оң шешім табылып, 194 бизнес субъектісіне консультациялық кеңес берілген.

 

-Кәсіпкерлер палатасының сарапшы-заңгерлері бизнес субъектілерінің заңды құқықтарын қорғау мақсатында 20 сот отырысына қатысты. Барлығы 38 талап-арыз жазбалары, аппеляциялық, кассациялық және қадағалау шағымы, өзге де арыздар мен өтініш хаттар дайындалып, мемлекеттік органдарға 118 хат жолданды.

 

Барлығы 366 586 716 теңге көлеміндегі сомаға қатысты кәсіпкерлердің заңды құқықтары қорғалды. Шағын және орта бизнес өкілдерінен келіп түстін шағымдардың дені жер учаскесіне қатысты болып отыр (45,4%).

 

Бүгінгі таңда кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 48 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мұнан өзге Палатаның аудандық филиалдарымен бірге мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта бизнес өкілдерінің 121 жобасы жүзеге асырылды,-деді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер Палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев.

 

Мұнан өзге шара барысында өңірде кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіріп отырған өзекті мәселелер де терең талқыланып, кәсіпкерлердің көкейінде орныққан біраз түйіткілді сауалдарға жауап берілді.

Өздерін толғандырып жүрген мәселелер туралы сөз қозғаған жеке меншік балабақшаның директорлары мемлекеттік дотацияларды ала алмай отырғандарын, қалалық білім бөлімі тарапынан жиі тексерулер жасалатынын айтып шағымданды. Осы проблемалар төңірегінде баяндаған Ағылшын тілінде жалпы білім беретін Некрасов орта мектебінің директоры Лариса Гурьева орын алған жағдай туралы жергілікті билікті құлағдар етумен қатар, өздеріне көмек берілуін сұрады.

 

 

Мәселеге қатысты аймақ басшысы А.Айдарбаев бұл жағдайды өз бақылауына алатынын айтып сендірді.

 

«Кезби» ЖШС-нің директоры Бітім Кезбаев өз кәсіпорнының табиғатты қорғау прокуратурасы тарапынан заңсыз тексеріске ұшырағанын айтып, өңір басшысынан заңды құқығын қорғауын өтінді.

 

-«МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-на сервистік қызмет көрсетумен айналысатын біздің кәсіпорынға өзі атқарған қызметі үшін қабылдау-тапсыру актіне қол қойғызу үлкен мәселеге айналып, 15-20 күн дегенде әрең шешілгендіктен «НұрОтан» партиясынан көмек сұрауға мәжбүр болдық. Партияның араласуымен ғана екі ретте осы істі оң шешу мүмкіндігіне ие болдық.

 

Осы жылдың 8-ші ақпаны күні жексенбіде ақ түсті шетел көлігімен, үстінде қызметтік формасы да жоқ күйінде кәсіпорынға келіп, заңсыз тексеріс жасаған табиғат қорғау прокуратурасының екі өкілінің әрекетіне облыстық прокуратураға шағымдансақ та, арада 3 ай өткен соң ғана арызымызға жауап алдық.

 

Тексерістің себебін түсіндірместен, ол туралы журналға жазба жасамастан кәсіпорын қызметкерлерінен түсініктеме алған олардың заңсыз әрекетінен соң мені прокуратураға шақыртқанымен сол тексерістің актін әлі күнге дейін ала алмай келемін.

 

Өзім 8 айдан бері сырқаттанып жүр едім, дегенмен бүгінгі жиынға қатысып, сізге бар жайды баяндағалы келдім. Кәсіпкерлер палатасына шағымданымғаннан соң, Палатаның облыстық прокуратураға хат жазуынан кейін ғана арада 3 ай өткен соң жауап беріліп, заңсыз әрекет еткен прокуратура қызметкеріне тәртіптік жаза қолданылғаны туралы белгілі болды.

 

Бүгін осы мәселені көтере отырып, өзге кәсіпкерлердің де заңсыз әрекеттерден жапа шекпеуін ойладым,-деген кәсіпкер-басшы Бітім Кезбаев облыс басшысынан мәселеге араласуын сұрады. Аймақ басшысы А.Айдарбаев облыс прокурорының орынбасарыЕржан Бердібековты орнынан тұрғызып, мәселенің мән-жайы туралы жауап алды. Кәсіпкерлерге арнаған сөзінде өңір басшысы Палатаның кәсіпкерлердің түйткілді мәселесін шешуге көмектесуі керектігін және заңсыз тексеріс болған жағдайда кәсіпкерлер ҚР Бас прокуратурасына шағымданудан қорықпау, қысылмау керектігін ескертті.

 

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев:

-2015 жылдың қорытындысы бойынша «ӨзенМұнайГаз» АҚ 85 млрд. теңге көлеміндегі шығынға ұшырады. Осы залалды «ҚазМұнайГаз» ӨБ мекемесі өзі көтерді. Алдағы 2016 жылға да «ӨзенМұнайГаз» АҚ мекемесі осы көлемдегі қосымша қаржы алатын болды. Не үшін? «Бұрғылау» және «Кезби» сияқты сервистік компанияларды қолдау үшін. Біз мұнай компаниялары үшін салық төлемдерінің жүктемесін азайтуға ықпал етуге тырысып жатырмыз.

Кеше ғана «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның Бас директоры болып, Бакыт Иманбаев тағайындалды, ал оның бірінші орынбасары болып, ҚХР-ның азаматы бекітілді. Менің оларға ең алдымен айтқаным: «Сіздердің өзара бірлігіңіз бен бірлескен саясаттарыңыздың нәтижесінде дүйім халықтың, қарапайым адамдардың тағдыры шешілмекші,-дедім».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему