Сұңғат-Азия чемпионы атанды!
Курс валют в Актау
на 05/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
5 Мая, 01:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сұңғат-Азия чемпионы атанды!

12 Октября 2015 (11:23) | 1671 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстаулық палуан Сұңғат Жұбатқан (60 келі салмақта) халықаралық жарыста топ жарып, Азия чемпионы атанды. 17 жасар Сұңғат бұған дейін самбо күресінен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, дзюдодан Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған. Бұл жолы байрақты бәсеке Тайланд мемлекетінің астанасы Бангкок қаласында өтуде. Жарысқа 24 мемлекеттің палуандары қатысып, бақтарын сынауда.

 

-Дзюдодан 8-12 қазан аралығында өткізіліп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның намысын 16 ұл мен 16 қыз қорғауда. Олардың арасында маңғыстаулық палуандар Сұңғат Жұбатқан мен Әмірбек Жеңісов бар. Қос палуанымыздың да дайындықтары жақсы. Жарыстың алғашқы күні ел қоржынын 1 алтынмен толықтырған Сұңғат, Азия чемпионы атанды.

 Қос шәкіртім де бірнеше рет республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, топ жарып жүрген палуандар. Енді 11 қазан күні Әмірбек боз кілемде белдесетін болады. Палуанымызды жеңіс тұғырынан көреміз деген үміттемін,-дейді Ақтаудағы жастар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің басшысы, облыстың самбо мен дзюдодан бас бапкері, Манарбек Бисекенов.

 

Сондай-ақ, осы спорт мектебінің шәкірті Бауыржан Сағынғалиұлы Ригада самбодан өтетіп жатқан Әлем чемпионатында қоланы иеленіп, жерлестеріне жеңіс сыйлады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему