Сот қызметкерлеріне кешенді аттестаттаудан өту бағыттары түсіндірілді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 22:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот қызметкерлеріне кешенді аттестаттаудан өту бағыттары түсіндірілді

12 Февраля 2017 (09:03) | 1588 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 15-ші қадамында «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестаттаудан өткізу туралы тапсырмасын орындау мақсатында семинар кеңесі өткізілді.

 

Бұл туралы біздің басылым редакциясына Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ.Байгебаев, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы М.Епенова және сот қызметкерлері қатысты.

 

Аталған шарада Қ.Байгебаев 2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізудің басталғанын айтты. Сондай-ақ департамент өкілі аттестаттаудың негізгі мақсаттарын, өткізу кезеңдері мен аттестаттауға жатқызылатын мемлекеттік қызметшілер туралы мәліметтермен таныстырды. «Б» корпусының қызметшілері аттестаттаудан атқаратын қызметтерінің санатына байланысты әр түрлі деңгейде өтетіндігі, аттестаттауды өткізу үшін әрбір деңгейде тиісті аттестаттау комиссиялары құрылатындығы белгілі болды.

 

-Айта кету керек, биыл Маңғыстау облысы бойынша барлығы 2750 мемлекеттік қызметші аттестаттаудан өтеді деп күтілуде. Соның ішінде облыс бойынша Соттар әкімшісінің 123 қызметкері сынаққа дайындалуда.

 

Іс-шара соңында Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы М.Епенова аттестаттаудан өтетін қызметкерлерге сәттілік тілеп, Қ.Байгебаевқа семинар кеңеске қатысып, сот қызметкерлерінің сауалдарына жауап бергендігі үшін алғысын білдірді, - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему