Маңғыстау облысының Кәсіподақтар Орталығының құрылғанына - 45 жылтолды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 18:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысының Кәсіподақтар Орталығының құрылғанына - 45 жылтолды

8 Июня 2018 (18:05) | 2642 | Автор: Нурганым Имашева

10 маусым - елімізде кәсіподақ ұйымдарының төл мерекесі болып бекітілген. Осы айтулы күнді атап өту биыл ерекше болып отыр, өйткені Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығының құрылғанына биыл 45 жыл толып отыр.Мерейлі мерекеге орай, Маңғыстау облыстық Кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында салтанатты кеш өтті.

 

 

Мерекелік шараға аймақтағы барлық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кәсіподақ саласындағы қызметке еңбегі сіңген ардагерлер, әлеуметтік әріптестер арнайы шақырылды. Сондай-ақ жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев қатысып, Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығын, барлық Кәсіподақ мүшелерін мерейлі мерекесімен құттықтады.Облысымыздың экономикасы мен әлеуметтік жағдайын арттыруға қосқан белсенді үлестері үшін бір топ кәсіподақ мүшелері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

 

Маңғыстау облыстық Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Жанабеков Қайрат Құттыбайұлы жиналғандарғамерекелік құттықтау сөзін арнады. Игі бастамалардың ұйтқысы болып, әлеуметтік қатынастарды қалыптастыруға, тиімді әріптестік орнатуға елеулі үлес қосып жүрген кәсіподақ белсенділері Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

 

Мерекелік кешке мезгілінде Маңғыстау облысы кәсіподақтары жұмысына еңбегі сіңген, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға өлшеусіз үлес қосқан ардагерлер қатысты. Осы ардагерлердің атынан мезгілінде облысымыздағы кәсіподақ жұмысының беделінің өсуіне, дамуына үлкен үлес қосқан, облыстық кәсіподақтар кеңесін 18 жыл бойы басқарған, бүгінгі күні «Ақтау қаласының құрметті азаматы», «Құрметті зейнеткер», «Құрмет» ордені және бірнеше медальдардың иегеріАйналиев Имамади Әлиұлына сөз кезегі берілді.

 

-Менің жастарға тілерім – мерейлерің үстем болсын, Алла сіздерге күш-қуат берсін. Қазіргі заманның ағымына сай жұмыс жасап, кәсіподақтың ролін көтеруге жұмыс жасау керек. Бүгінде жастар өте ақылды, сол білімді, күш-жігерді халықтың, жұмысшылардың мүдделерін қорғау жолына жұмсаса – Кәсіподақтың маңызы арта түсетіні сөзсіз.

 

Жыл сайын Кәсіподақтар күнін атап өтіп, Кәсіподақтың бар екенін халыққа білдіріп, арнайы шара өткізу, белсенділердің еңбегін бағалап, марапаттау деген жақсы үрдіс қалыптасты бүгінде. Бұл – өте жақсы үрдіс.

 

Кәсіподақ саласында ұзақ жыл қызмет еткен ардагерлермен де ақылдасып отыру – ол да жақсы іс. Барлық Кәсіподақ саласының белсенді азаматтарын мерекелерімен құттықтаймын, денсаулық, амандық тілеймін.

 

 

Біз – ардагерлер жанашырлықпен қараймыз, бәрінің жақсы болғанын қалаймыз. Менің ақсақалдық, ардагерлік тілегім осы,-деді ғұмырының 55 жылын қоғамдық жұмысқа арнаған, қазір 81 жастағы Кәсіподақ саласының ардагері.

 

Кәсіподақ жүйесіндегі жемісті еңбегі және кәсіподақ қозғалысының қалыптасуына, бірлігінің нығаюына және дамуына қосқан зор үлесі үшін және Қазақстанның кәсіподақтар күніне орай Маңғыстау облысы кәсіподақтар орталығы бірқатар белсенді кәсіподақ мүшелерін Құрмет грамотасымен марапаттады. Марапатқа ие болғандардың бірі «Бұрғылау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері Джамбусинова Қарлығаш:

 

-Кәсіподақтар әрқашан да жұмысшылардың құқықтарын қорғауға тырысады. Кәсіподақтың қолдауымен мекемеміздің қызметкерлері әлеуметтік пакетпен қарастырылған көмектердің барлығына ие.

 

Біздің кәсіпорында 2 мыңдай кәсіподақ мүшесі бар. Өзім Жаңаөзен қаласындағы «Келешек» жастар қанаты төрағасының орынбасарымын. Кәсіпорын жұмысшылары Кәсіподақ мүшесі ретінде бізде өте белсенді. Облыстың барлық кәсіподақ мүшелерін бүгінгі 45 жылдық мерейтойларымен құттықтаймын. Барлық еңбеккерлерге табыс тілеймін,- деген лебізін білдірсе, екінші бір марапат иесі Жайлиев Мир:

 

-Мен төрт жылдан бері Ақтау қаласындағы «Қазақтелеком» АҚ-да кәсіподақ мүшесімін.«Келешек» жастар қанаты кеңесінің құрамында кәсіподақтың ролін арттыру ісіне белсенді түрде өз үлесімді қосып келемін.

 

 

Маңғыстау облыстық Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Жанабеков Қайрат Құттыбайұлына еңбегімізді бағалап, бізді марапаттағаны үшін алғысымды білдіремін. Біздің мекемеде қазіргі таңда  100-ден аса кәсіподақ мүшесі бар, жастар да белсенді, кәсіподақты қолдайды.

 

Барлық кәсіподақ мүшелерін мерейлі мерекесімен құттықтаймын. Еңбектерінде мол жетістіктер тілеймін. Өзім қатарлы барлық жұмысшы жастарды Кәсіподақты қолдауға шақырамын,- деген ізгі тілегін білдірді.

 

Марапаттаудансоң шара кәсіподақ ұйымы мүшелерінің кеш меймандарына арнап, өз өнерлерін ортаға салған мерекелік концертіне ұласты. Әуезді ән мен мың бұралған биді тамашалаған жиын қонақтарының мерекелік көңіл күйі шалқи түсті.

 

Суреттерді ұсынған Маңғыстау облыстық Кәсіподақтар Орталығы 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему