Маңғыстаулық дәрігерлер марапатталды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 15:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық дәрігерлер марапатталды

17 Декабря 2014 (05:35) | 4704 | Автор: Нурганым Имашева

 

Еліміздің ұлық мерекесіне орай Тәуелсіздіктің 23 жылдығына арналған салтанатты жиында маңғыстаулық ақ желеңді абзал жандар өңірдің медицина саласының дамуына қосқан үлестері үшін ҚР денсаулықсақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің және аймақтық денсаулық сақтау басқармасының, облыстық медицина қызметкерлері Ардагерлер Кеңесінің медальдары, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Салтанатты шара барысында биылғы жылы аймақтың медицина саласына жұмысқа келген жас мамандарға құрмет көрсетілді. 2014 жылы облыстағы дәрігерлік қызметке 47 жас маман келген. Мерекелік жиын кезінде оларға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиева, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.Бектубаев және ардагер-дәрігерлер құтты қадам тілеп, естелік сыйлықтар табыстады.

 

Шараға Ақтау қаласы және Мұнайлы ауданының 27 жас дәрігер маманы қатысса, басқа аудандардағы жас мамандар жолдың қашықтығына қарай өз аудандарында марапатталды. Мұндағы негізгі мақсат-қызметке енді ғана кіріскен жас дәрігерлерге ардегерлердің еңбек жолын паш етіп, патриоттық рухын биік ұстауға шақыру.

 

 

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.Нұрғазиева дәрігерлер қауымын мерекемен құттықтады және жас мамандарға ақ жол тіледі:

- Мынадай тәжірибелі, ардагер-дәрігерлермен қатар еңбек ету бақыты бұйырған сіздер шынында да бақыттысыңдар. Ардагер-дәрігерлердің адал еңбек жолы сіздерге үлгі-өнеге болсын. Олардан тәлім алыңдар, халық денсаулығын сақтауға арнаған еңбектеріңнің жемісін көріңдер. Сіздерге сәт сапар тілеймін.

 

Бану Нурғазиева облыс әкімінің атынан Тәуелсіздік мерекесіне орай бірқатар дәрігерлерге «Алғыс хат» табыстады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.Бектубаев бір топ медицина қызметкерлерін аймақтың денсаулық сақтау саласын өркендетуге қосқан үлестері, адал еңбегі үшін марапаттады.

 

 

Аймақтың медицина қызметінің ардагері Гүлшат Қарабалина «Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталса, «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі Маңғыстау облыстық ауруханасы директорының әдістемелік-ұйымдастыру жөніндегі орынбасары Мұхамбетов Еркін Сүлейменұлына, офтальмология бөлімінің меңгерушісі Смаилов Марат Есенұлына, Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері Мұсақанов Бауыржан Мұсақанұлына, «Open clinik» медициналық фирмасының невропатолог дәрігері Кенжалина Ажар Нұралқызына және №1 Ақтау қалалық емханасының балалар офтальмолог дәрігері Джардемова Баян Бекесқызына табысталды.

 

«Н.И. Пирогов» атындағы медалімен отандық медицина саласына сіңірген зор еңбегі мен халық денсаулығын сақтаудағы адал еңбегі үшін өңір медицинасының ардагерлері Жақсылық Күнтуғанов, Рафик Ахмеджанов, Музафар Маштаков, Аманқос Шаухымбердиев, Қадиреден Бегаришев, Ибрагим Қадралиев және Жұмажан Есбергеновтер марапатталды.

 

 

Салтанатты шара соңы облыстық филармония өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему